Қызына жарнама жасайды!: Әли Оқапов әлеуметтік желіде қыздарын "өткізуге" тырысатын аналар туралы айтты

Қызына жарнама жасайды!: Әли Оқапов әлеуметтік желіде қыздарын "өткізуге" тырысатын аналар туралы айтты

Бүгінде Әли Оқаповқа әлеуметтік желідегі аналар тыныштық бермей жүрген көрінеді. Олар отандық шоу-бизнестің сүрбойдағына басы бос қыздарын ұсынып, Роза Қуанышқызымен құда болуға талпынады екен. Бұл жайында Халық әртісінің тұңғышы алғаш рет ашып айтты, деп хабарлайды stan.kz тілшісі.

 

«Менің қызым бар еді. Жасы 19-да, шашы ұзын, дипломы бар» - деп өз қызына өзі жарнама жасап қояды. Арасында суретін салып қояды. Бұл енді күлкілі жағдай. Үлкен кісі ғой. Кейде қатты жазып кеткенде: «Апай, рақмет көп-көп» деп қана жауап жазамын. Анасының өзі маған қарсы емес екендігі жаныңа жылы сезім ұялатады, әрине! Мен оны қалжың ретінде қабылдаймын. Бірақ бұл менің ойымша сәл дұрыс емес-ау! Жастар өздері бірінші танысып, араласып, ата-анадан бұрын өздері шешім қабылдау керек сияқты. Ата-анамен танысу –келесі қадам, келесі бір деңгей. Алдымен анасымен әлеуметтік желіде танысып, кейін фотодағы қызбен танысу мен үшін жат нәрсе», - дейді Әли.

 

Жасы отызға жетсе де отағасы атануға асықпайтын Оқапов, сырт көздің сынынан шаршағанын айтады. Жұлдызды бойдақ жанұялық өмірден жүрексініп жүргенін де жасырмайды. Өйткені, өнерпаз жігіт жауапкершіліктің қаншалықты ауыр екенін жақсы біледі.


«Жасың 29-ға келді, не жүріс мынау? Қашанға дейін жүресің?» - деп мені сынайтындар да бар. Мен үйлену үшін ғана үйленгім келмейді. Өйткені, үйлену оңай, үй болу қиын! Үйлену – жанұялық жолыңның басы ғой. Ол жай ғана той емес. Өйткені, көпшілік сол тойға барғысы келеді, көргісі келеді. «Әли – күйеу бала», «Розаның тойы» деген оларға қызық. Бірақ шынымен одан кейін не бар екенін көпшілік ойламайды. Қазір ажырасу статистикасы 50 пайыз. Өкінішке орай, жанұялардың көбі ажырасып жатыр. Кейбір жұбайлардың арасында бала қалады. Ондай болғым келмейді. Жақын достарымның қатарында да бар. Иә, шынымен де жасым келіп қалған шығар, тезірек анама немере сүйгізіп, қолын ұзарту керек шығар. Бірақ асығыстықтан, дұрыс емес шешімнен немесе жай ғана «әңгіме болмасын» деп үйлене салуға болмайды. Ол толығымен жауапкершілікпен жасалатын қадам. Егер үйленіп, ертеңінде ажырасып жатсақ, оның ешкімге пайдасы болмайды. Құдай сақтасын!» - дейді Оқапов.

 

 

Халық әртісінің тұңғышы осы жылы 29-ға толады. Сүрбойдақтың жеке өміріндегі жоспарына сүйенсек, Әли Оқапов орда бұзар жасқа дейін отау құруға бекінген секілді.

 

«Өкінішке орай, мен қалада көп жүрмеймін. Танысу, біреумен араласуға жоқпын. Менің өмірім – ең бірінші жұмысым, одан кейін үйдегі қарапайым жұмыстар, анам және Мәдимен уақыт өткіземін. Соған байланысты шығар осы 29 жасқа дейін бойдақ болғаным. Бәлкім көп адаммен араласып жүрсем, ол сұрақ шешілер ме еді. Негізі мектеп кезінде 25 жаста үйленем деген ой болған. Келесі жылы 30-ға келемін. Осы 30 жасқа дейін үйлену керек. Өзіме сондай талап қойдым және орындауға барымды саламын», - дейді Роза Рымбаеваның үлкен ұлы.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста