RaiM мен Еркенің махаббатын жырлап, арнау айтқан ақындар желіні жарды

RaiM мен Еркенің махаббатын жырлап, арнау айтқан ақындар желіні жарды

Соңғы уақытта RaiM мен Ерке Есмаханның арасындағы сезімді сөз қылмаған адам жоқ. Танымал әнші өзінен 12 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан еді. Желідегі жұрттың бірі даттады, бірі жақтады. Енді танымал айтыскерлер мен актерлер екі жастың махаббатын әзіл арқылы әнге қосыпты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ғаламторда қызу талқыланған видеоға зер салсақ, айтыскер ақындар — Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан және "Өнер қырандары" театрының актері Дәулет Бижанов айтыстың мақамымен таяуда некесін қиған RaiM мен Еркеге арнау айтқанын аңғаруға болады.

 

Ақтөбеде "жоқ-жоқ" дейтін ана қыз,

 

Сол қызды алды RaiM деген баламыз.

 

Былтырғы қаңтар — уайым, биылғы қаңтар — RaiM.

 

Біз қазақтар тек қаңтарда жарамыз,

 

— деп бастады әлгі үшеуі.

 

 

Аталған бейнежазбада айтыс өнерінің өкілі Сырым Әуезхан рэп бағытында өлең оқып, RaiM мен Еркенің арасындағы сезімді былай суреттепті.

 

Еркенің артында емес, Еркенің алдында емес. Еркенің қасында жүр, еркек боп беріп кеңес. Кімдер екен, сендерді өкпелеткен?

 

Адамды ғайбаттау — исламда күнә үлкен.

 

Үндер екен, RaiM-ды елжіреткен.

 

Еркенің әні күнде RaiM-ды тербеткен,

 

— деп рэп оқыды ақын Сырым Әуезхан.

 

Желіде қызу талқыланған видеоның соңында Жандарбек Бұлғақов бастаған үш жігіт көпшілікке өтініш айтқан. Олар RaiM мен Еркені сынап-мінеп, жағымсыз пікір білдіруді доғару керектігін өлең жолдарымен жеткізіпті.

 

Сөге бермей RaiM менен Еркені,

 

Өсек-сөзді тоқтатса екен ел тегі.

 

Ерке менен RaiM, бақытты болсын ләйім,

 

Екі жастың жарқын болсын ертеңі.

 

Мына жалған бес күнде, қызықпастан ешкімге, Өміріміз бола берсін ертегі,

 

— деп үш өнерпаз өлеңді түйіндеді.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста