Ректор студенттерді тыйып тастады

Ректор студенттерді тыйып тастады

Кеше С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің конгрес-холында Елбасы Жолдауын насихаттау үшін Парламент Мәжілісінің вице-спикері Сергей Дьяченко мен депутат Гүлмира Есімбаева студенттермен кездесті.
Депутаттарға жемқорлықтың салдары­нан күйреген Оңтүстік Қазақстан облыс­тық медицина академиясынан ауысып келген бір топ студент Алматының жатақ­ханасында қысылып-қымтырылып жүр­генін айтты.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени да­му комитетінің мүшесі Гүлмира Естай­бек­қызы:
– Жатақхана – барлық жоғары оқу орындарының басты проблемасы. Алай­да құрылысы басталып кеткен меке­ме­лер болмаса, дәл қазір дағдарыс кезін­де ешқандай үлкен жатақханалар салынбайды, – деді.
Екінші сұрақ тағы жатақхана жайы туралы болды. Бұдан әріге шыдай алмаған университеттің ректоры Айқан Ақанов:
— Біз онсыз да әке-шешесі жоқ сту­денттерге шамамыз келгенше көмектесіп отырмыз. Алайда барлық студенттерге жағдай жасай алмаймыз. Студенттердің оқуға берген қаржысы осы университеттің керек-жарағына жаратылады... Мұндай сауалды бұл жерде қоюға болмайды. Және сұрақты Елбасы Жолдауына қатысты қойғандарыңыз дұрыс, – деп студенттерді тыйып тастады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста