Ресейлік "Голос" жобасында Қырғыз әншісі топ жарды
Қазақстандық қос әнші Ернар Садырбаев (Әмре) пен Әлішер Кәрімов ақтық кезеңге өткенімен жеңісті қолдан жіберіп алды, деп хабарлайды Экспресс К.
Финалдың алғашқы кезеңіне Александр Волкодавпен қатар қос қазақстандық та өтті. Ал ресейлік әнші Элина Пан жобадан шығып қалды.
Байқау финалының екінші кезеңі қазақстандық Әмре деген атпен танымал Ернар Садырбаев үшін сәтсіз аяқталды. Дауыс беру нәтижесінде екі қатысушының ішінен Қырғызтаннан келген Александр 53 % дауыпен жеңіске жетті. Оның жобадағы тәлімгері Пелагея болды. Осылайша Әлішер Кәрімов жүлделі екінші орынға ие болды.
Экспресс К бұған дейін Ернар Садырбаевпен Әлішер Кәрімовтың жартылай финалға және ақтық кезеңге өткенін жазған. Қос өнер жұлдызы да қазылар алқасын талантымен таңғалдыра білді
Жобада дауыс беру нәтижесінен түскен қаражат "Старость — в радость" акциясы аясында қарттарға көмек ретінде беріледі.