Ресейлік суретші Марат Тәжібаев Роза Бағланованың інісі ме?

Ресейлік суретші Марат Тәжібаев Роза Бағланованың інісі ме?

Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің рухын оятып, патриотты әндер шырқаған қазақтың қайсар қызы, КСРО-ның халық артисі Роза Бағланованың бауыры табылды. Сүйінші хабарды жеткізген суретші Қайырбай Зәкіров күміс көмей әншінің інісі танымал суретші-гобеленші Марат Тәжібаев екенін мәлімдеді.

Роза Бағланованың естеліктерінде жазылғандай, әкесі Тәжібай ауқатты, әрі Бұхар әмірлігінде қызмет атқарған, революцияға қатысқан адам. Азамат соғысы кезінде Бұхарда қызмет жасап жүрген Тәжібай Абдолла-хан деген татар кісінің қызы Мәриямға үйленген. Ал 1920-21 жылдары әкесі Қазалыға көшіп келеді. Мәриямның балалары туғаннан соң бес-алты айда шетіней берген. Сөйтіп, бала тұрақтамағаннан кейін Күндей әжем қазақтың салты бойынша баласы Тәжібайға Ақкүрішті айттырып, екінші әйел ғып алып береді. 1922 жылы қаңтарда Ақкүріш Розаны дүниеге әкелсе, артынша Мәриям Ыдырыс деген ұлды туады. 1930 жылдары аласапыран заманда бұл отбасы аштық пен зұлматты бастан өткерген. Сол жылдары әкесі Тәжібай қайтыс болып, Роза отбасының асыраушысына айналған. 1940 жылы тағдырдың қиын сырлы сиқырымен әнші Ташкентте тұратын алыс жамағайындарының үйін паналап барған. Өнер жолын сол жақта бастап, соғыс жылдары майдангерлердің рухын көтеретін әндер айтады.
Ал Роза Бағланова тетелес бауыры Ыдырыс Ұлы Отан соғысына аттанады. «Кеткеннен кейін бір-ақ рет хат келді де ол да із-түзсіз, хабар-ошарсыз кетті. Талай рет іздеу салып, жер-жерге хат жазсам да ешбір дерек болмады. Жалғыз інімнің сол бір хатын әлі күнге дейін көзімнің қарашығындай сақтап келемін. Әлі де келіп қала ма деген үміт үзілер емес..» – деген еді өзінің естелігінде Роза Тәжібайқызы.
Қайырбай Зәкіровтің айтуынша, әншінің жастық шағы Өзбекстанда өтті және майдан даласына да сонда жүргенде аттанған. «Сондықтан інісінің әскерге аттанардан бұрынғы күндерінен және оның отбасынан хабарсыз болуы мүмкін», – дейді.
– Өткен жылы Марат Тәжібаев деген ресейлік суретші Қазақстанға келіп, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері мен магистранттарына шеберлік дәрістерін өткізіп, арнайы қонақ болды. Сонда онымен жолығудың сәті түсті. Бұл суретшіні сырттай білуші едім. Түркмен досым атақты суретші Шихдуди Орадов «Ашхабадта училищеде қазақ жігітімен бірге оқыдым, кейін Ленинградқа арман қуып барғанбыз», – деп айтып отыратын. Қандас болғасын Мараттың өткен өмірі мені қатты қызықтырды. Ол тек Қазалы қаласында туылғанын біледі екен. Анасы Рабиға Ғафурқызы соғыс басталған тұста (Білуімше, Ыдырыс ер жеткесін Рабиға Ғафурқызы есімді татар қызына үйленеді – Қ.З.) сол өңірден Түркменстанға көшкен. Есін біліп, оң-солын танымаған кішкентай Маратты өзімен бірге жыраққа алып кеткен. «Қазалы» деген сөзден басқа бар білері: фамилиясы – «Тажибаев», тегі – «Шаппоз», – дейді Қайырбай Зәкіров.
Суретші осыдан кейін тағы да ізденіп, мән-жайға қаныға түседі.
– Роза Бағланованың Тәжібайқызы екенін білеміз. Енді мына қызықты қараңыз. Қазалы маңында Шақкөз деген ауыл және «Шаққөз тауы» деген жота бар. Ол сол жерде жауларымен соғысып келе жатқанда сол жақ шекесіне садақтың жебесі тиіп, жантәсілім берген. Оның шын аты – Теке батыр екен, ал халық көзі шақшиып тұратындықтан «Шақкөз» деп атап кеткен. Осы Шақкөз – Тәжібайдың әкесі, Роза мен Ыдырыстың атасы. Демек, Марат Тәжібаев Роза апамыздың інісі Ыдырыстан туылған бауыры болып шығады. Бір өкініштісі, өзге ұлттың ортасында өскесін Мараттың тегі өзгеріске ұшыраған-ды. Негізінде «Шаппоз» емес, «Шаққөз» болуы керек. Ал өзінің туған әкесі Ыдырыс туралы хабары жоқ. Жақында Марат Тәжібаевпен телефон арқылы сөйлестім. Оған Роза Бағланованың інісі Ыдырыстан туған ұл екенін айтқанымда, қатты таңғалды, – дейді Қайырбай Зәкіров.
Марат Тәжібаев Қайырбай ағамызға «Ах, Самара-городокты» әнін және оны құйқылжыта шырқайтын әншінің дауысы құлағында жатталғанын айтыпты, бірақ оның өзінің әпкесі Роза Бағланова екенін осы күнге білмеген. Тағдырдың жазуы солай болған-ды. Өкініштісі сол, рухани һәм тарихи тамырынан жастайынан ажырап қалған Маратты бүгінде ресейлік сайттар татар ұлтынан шыққан атақты қылқалам шеберлерінің қатарына жатқызып жүр. Бірақ... «Ол өзінің қазақ екенін біледі және туған топырағы – Қазалы жерін көргісі келеді. Тек соның ретін таппай жүр екен», – деген Қайырбай Зәкіров Бағланованың бауыры көп кешікпей Сыр бойына келуі мүмкін екенін айтты.
Р.S. Роза Тәжібайқызы естелігінде «інім әлі де келіп қала ма деген үміт үзілер емес..» деген еді. Солай үміті үзілместен дүниеден озып кетті. «Егер інісі Ыдырыстан тұқым қалғанын білсе, Роза апамыздың қуанышында шек болмас еді-ау?!». Бұл – Қайрекеңнің өзегін өртеген өкініш...

Керек дерек
Марат Тәжібаев 1940 жылы Қазалы қаласында туылған. 1960 жылы Ашхабад қаласындағы Ш.Руставели атындағы көркемсурет училищесін бітірген. Ал 1969 жылы В.И.Мухина атындағы Ленинград жоғары көркем-өндірістік училищесін (Санкт-Петербург мемлекеттік көркем-өндірістік академиясы) тәмамдайды. Оның туындылары Ресей, Швеция, Белорусияның және АҚШ-тың мемлекеттік коллекцияларында, сондай-ақ Ресей, Швеция, Италия, АҚШ, Түркия, Германия елдерінде жеке коллекцияларда сақтаулы.
Марат Тәжібаев РФ Суретшілер Одағының және пен РФ Суретшілер Одағының мүшесі, Халықаралық «Итнер» (АҚШ) тоқыма бірлестігінің мүшесі. Оның әйелі де атақты суретші, гобеленші. Есімі – Зинаида Ревчук. Талантты суретшілер шартарапты шарлап, көрмелер өткізіп, жастарға дәрістер береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста