Ринат Зайытов Димаш Құдайбергенов туралы: Өзім сен сияқты әншілерден қорқамын (видео)

Ринат Зайытов Димаш Құдайбергенов туралы: Өзім сен сияқты әншілерден қорқамын (видео)

 Бұл күндері Қытайда өтіп жатқан «I am singer» байқауының алғашқы екі кезеңінде де жеңіске жеткен жас әнші Димаш Құдайбергенов халықтың құрмет-қошеметіне бөленуде. Дегенмен Димашты бұдан 4 жыл бұрын еліміздегі телеарналардың біріндегі ән байқауында қазылар алқасы қатаң сынға алған болатын, деп хабарлайды Baq.kz.

«Саз әлемі» деп аталатын телевизиялық ән байқауында жас әнші өзі шығарған «Көркемім» әнін орындап шығады. Қазылар құрамында болған Ринат Зайытов Димаш сияқты әншілерден қорқатынын да айтқан еді.

«Өзім сен сияқты әншілерден қорқамын. Бұрын Витас секілді әншілер пайда болды деп қуанатын едік. Ал қазір бәрі шыңқылдай бастады. Осы еркек дауысты эстрадамыз Өмірқұл Айниязовпен бітіп қалады ма деп қорқамын. Шыңғырып айту өнер емес. Жарайсың, алға баса бер», – деген Ринат Зайытов әншіге 8 ұпай қойған еді.

Ал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова әншінің орындаған әні көңілінен шықпағанын, дұрыс таңдау жасамағанын айтты.

«Қайта-қайта вокалдық қабілетіңді көрсете беретін ән емес. Біз сенің кімнің баласы, мүмкіндігің қандай екенін жақсы білеміз. Сондықтан жай ғана орындап шықсаң да жетер еді. Ән мүлдем ұнаған жоқ. Дұрыс таңдау жасамағансың», – деді Бағым Мұхитденова.

Ол бірақ Димаштың қазақ эстрадасына керек әнші екенін де айта кетті.

«Димаш абсолютті түрде біздің эстрадаға сай келетін әнші. Осында қала бер. Классикаға барудың қажеті жоқ», – деді сол кезде Б.Мұхитденова.


 

Baq.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста