"Ринаттың кесірінен екі рет инфаркт алдым" - Рифхат Зайытов

"Ринаттың кесірінен екі рет инфаркт алдым" - Рифхат Зайытов

Айтыс аламанында айтқан өткір пікірлері бірден халықтың қызу талқысына түсетін Ринат Зайытовтың қоғамдағы әрбір әрекеті ата-анасы үшін оңай емес. Тіпті ұлының өміріне алаңдаған әкесі талай мәрте жүрек талмасына ұшыраған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бозбала кезінен-ақ айтыс сахнасында жалындаған Ринат Зайытовтың қадамын ата-анасы құптағанымен, танымал ұлының ақындар аламанындағы өнерін тамашалауға бармайды екен. Өйткені өткір тілді Ринаттың өмірі қауіп пен қатерге толы дейді.

 

"Жалпы, мен айтысқа барғым келмейді. Барсам, ауырамын, қысыламын. Шындығы керек, баламның сөздеріне қиналамын. Өткенде дәрігерге тексерілгенде, "Аға, сіз екі рет инфаркт алыпсыз" дейді. Мен қай уақытта алып жүргенімді білмеймін. Алсам, осының кесірінен ғана аламын. Бірақ әкем Зайыттың атын шығарып жүрген бала ғой. Әкемнің атын елге танытқаны үшін ұлыма ризамын", — дейді Ринаттың әкесі.

 

Әкесінің айтуынша, Ринаттың бұзықтығы бала кезден басталған екен.

 

Кішкене көшеде жүреді, бұзақылық жасайды. Құдыққа да түсіп кетеді, талдан да құлап қалады. Әйтеуір, өліп қала жаздаған кездері көп болды. Кейін Ринатты ұрмай-соқпай, ақылмен тәртіпке салдым, — дейді Рифхат Зайытов.

 

Кезіндегі тентек Ринат — бүгінде бес баланың әкесі. Рифхат Зайытов ұлының жар таңдауда қателеспегенін де айтты.

 

Менің білетінім, бұл жерде келін мықты. Осы Зүлфия сияқты келінді менің балама кезіктірген Аллаға мың да бір рахмет. Шындығы керек, басқа біреу болса баяғыда кетіп қалар ма еді, — дейді атышулы ақынның әкесі "Шешімі бар" бағдарламасында

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста