Роза Әлқожаның суреті әзіл айтысқа арқау болды
Әсем дауысты әрі көрікті әнші Роза Әлқожаның мына бір суретін кеше фейсбуктегі өз парақшасына Әлия Құдайбергенова салған еді. Көпшілік Розаның сұлулығына тамсанып жатса, әншінің құрдасы журналист Мақсат Ержан оны балапан басқан қазға ұқсатып, мынандай өлең жолдарын арнапты. Досының әзіліне Роза да қарап қалған жоқ.
Тыңдарман бес балаға мəз секілді?!
Қазаққа он бала да аз секілді?!
Балпаңдай басқаным жоқ қаз секілді,
Өкпе емес,сөз айтайын наз секілді.
Басқа бір тəуір құсқа қимадың ба,
Тоқ жағын ойладың ба аш секілді?!
Бар болмысым тұрады еркеліктен,
Отырмыз сілкіп тастап шаш,кекілді.
Бойында əні бар жан тек жүре алмас,
Шалықтар шабыт келсе мас секілді.
Білгенін ғана көрер деген сөз де,
Осыған қарағанда рас секілді!
Мақсат Ержан:
Ерке қыз озін ерке ұстайды екен
Қарлығаш дейін десем ұшпайды екен.
Көз салсам көлбеңдеген көйлегіне
Туптура павлин кұска ұксайды екен.
Неге сонша ашындың кас секілді
Құрдасым деп әзілдеп жазып едім
Елдің бәрі қызык көріп мәз секілді
Бізге де кунде укладка жасап жүр гой
Суретте тұрганым жоқ таз секілді
Ұл-қызын көп болсын деп тілеп едім
Оған да ренжіп турсыңБылқылдаған саз секілді
Сойып тастадың, өштің ба деген сөздер
Мен үшін тұнық емес, лас секілді
Роза сен еңлікгүлдей еркелеп жүре берші
Менің де калайтыным көктем мен жаз секілді
Ал ағайын атқа мініп мен журейин
Бұл жерде Айнур жеңгем сияқты
Шын жанашырлар аз секілді.
Роза Әлқожа:
Мақсатжан,сен бір жақсы,мен бір бақсы,
Бұл күнде жақсы лебіз құрғыр тапшы...
Салмағын сезінсін деп əдейі айттым-
Қаз деген таз дегеннен қайбір жақсы? !
Әзілдері жарасқан Роза мен Мақсатқа бәркеледі дейміз! Әдемі әзілмен өрілген өлең жолдары көңіліңізді көтерсін....