Роза Әлқожаның тосын сыйларға толы кешіне келіңіз

Роза Әлқожаның тосын сыйларға толы кешіне келіңіз

Ертісті еркелетіп, Жайықтың жағасына асыққан қазақтың аяулы қызы, әнші, сазгер Роза Әлқожаның үлкен сахнада жүргеніне он жыл толыпты. Сондай ұяң, нәзік Роза дәл өзінің мінезіндей «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен ел алдына шығуы мұң еді, ел әнді де, әншіні де ауыздан-ауызға іліп алып, осы күнге дейін сол бір ән Роза Әлқожаның есімімен қатар аталатын егізіне айналды. Осы онжылдыққа арналған әншінің ел алдындағы ең алғаш есеп концерті де «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталады.

Концерт желтоқсанның 18-і күні сағат кешкі 18.00-де ару Алматының Студенттер сарайында өтеді. Әрине, әншінің өзі бастап, содан соң кеш қонақтарына да кезек берілмек. Ал кеш қонақтары қатарында Баян Нұрмышева, Еркін Нұржанов, Ақмарал Леубаева, Алтынай Жорабаева, Таңат Мамырханұлы, Өмірқұл Айниязовтар бар.
Кеш өзгеше өрнекте, көптеген тосын сыйға толы болмақ. Оның барлық сырын ашпай-ақ, бір ғана нәрсені айта кетсек, онда қазақтың жас та болса от тілді, орақ ауызды айтыскер ұлы Жандарбек пен Төреғали айтысады. Бұл – кештегі тосын сыйлардың шеті ғана, ал анығында... Басынан соңына дейін тіпті тосын сыйлардан көз ашпайсыз.
Қазақтың әнші, сазгер, ақын қызы Роза Әлқожаға әу баста азан шақырылып ат қойылу тарихы, сондай-ақ оның өнер жолындағы сырлас достары – бәрі-бәрі де осы кеште ел алдында көрініс бермек. Соңғы жылдары жазылған, тұсауы кесіліп те үлгермеген жаңа әндері осы концертте тұңғыш рет орындалады. Орындаушылар арасында да сіз бен бізді таңғалдыратын жаңа есімдер болады.
Ендеше, 18 желтоқсан күні сағат 18.00-де Студенттер сарайы сізді асыға күтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста