Роза Бағланованың келіні әлемге танылған енесінің қандай екенін айтып берді (фото)
Қазақтың әйгілі әншісі, талайларды айрықша өнерімен, сұлулығымен тамсандарған Роза Бағланованың келіні Марал алғаш рет өзінің енесімен ара-қатынасы туралы ашық айтты. Әншінің жалғыз ұлы Тәженнің жары ел сүйіктісіне айналған әншімен бір шаңырақ астында тұрудың ерекшелігін айтып өтті. Ол Comode.kz сайтына сұхбат берді.
"Мен Меркінің қарапайым ғана қызымын. Қарапйым отбасында өсіп, тәрбиеленгенмін. 16 жыл бұрын мен Бағлановтар отбасына келін болып түстім.
Өзім бес жаста, інім тоғыз айлық кезінде анамыздан айырылдық. Мені әкемнің анасы тәрбиеледі. Кейіннен Алматыға оқу іздеп келіп, жұмыс істедім.
Менің құрбымның әпкесі Роза Тәжібайқызының костюмершесы болып жұмыс істейтін еді. Сол бір күні Роза апайдың үйіне хабарласып, бір жайт турала ескертуімді сұрады. Қоңырау шалғанымда тұтқаны оның ұлы Тәжен көтерді. осылайша таныс-біліс болып кеттік. Ұзақ уақыт бойы сөйлесіп жүрдік", - деген ол бұл таныстықтың арты отбасын құруға әкелгенін де жасырмады.
Марал алғаш рет Роза Бағлановамен танысқан күні еске алады.
"Бір күні бізді Роза Тәжібайқызы үйіне түскі асқа шақырды. Анамыз үлкен үстелге дастархан жайыпты. Мен үстелдің бір басында, ол екінші басында отырдық. Сыпайы түрде мені сұрақтың астына алып отыр. "Қайда жұмыс істейсің? Жасың нешеде? Қай жердікісің? Немен айналысасың?", - деп сұрап отыр.
Сол күні ол маған қарапайым ғана, кеңес үкіметінде жасалған жүзік сыйлады. Осыдан кейін ол ұлына қайта-қайта мен туралы айта беріпті.
"Оған ұсыныс жасадың ба? Негі әлі жүрсің? Оны жіберіп алсаң, сені кешірмеймін", - депті ол ұлына. Оны түсінуге де болады. Өзі сексенге келіп, 30 жастағы ұлының отбасы болғанын көргісі келді.
Осылайша 21 жастағы бойжеткен 30 жастағы Тәженнің жары, ал 80-дегі әйгілі аңыз әншінің келіні атанған.
Ол келінін қазақтың салтымен ұзатып алған. Роза Бағланованың қыздың үйіне келе жатқанын естіген аудан әкімі қонақүйге еврожөндеу жүргізіпті. Алайда Роза Бағланова қыздың әкесінің үйіне қонақ болған.
Тек оқу деп келген бойжеткеннің өмірі келін болған соң мүлдем өзгеріп кеткен. Тамақ істей алмайтын Маралға енесі барлық нәрсені өзі үйретіпті.
"Бастапқыда ара-қатынасымыз мінсіз болды деп айта алмаймын. Роза Бағланованрың мінезі темірдей еді. Менің де өжеттігім болды. Төрт жыл үйренісе алмай жүрдік. Бірге тұрдық. Қанша жыл бойы екеуі ғана өмір сүріп келген анасы мен ұлының өмірі мен келген соң түбегейлі өзгеріп кетті. Балаларым дүниеге келді. Бірақ үйде балалардың күлкісі естілгеніне анамыздың бақытында шек болмады", - деп есіне алады ол.
"Роза Тәжібайқызы екі рет тұрмысат болған. Мен келген кезде ол екінші күйеуімен ажырасып кеткен еді. Қайынатамды жақын танымаймын. Аяғым ауыр болған кезде ғана алғаш рет таныстым. Қазір ол кісі де о дүниелік болды", - дейді Марал Бағланова.