Роза Рымбаева келіні туралы шындықты айтты
Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева алғаш рет келін түсіргенін растап, тұңғышының жарымен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Белгілі болғандай, Әли Оқапов пен оның заңды әйелі бүгінде Рымбаевамен бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Жұлдызды ене жаңа түскен келінінің қызығын барынша көруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Бұған дейін тұңғышының жеке өміріне қатысты пікір білдіруден бас тартатын Роза Рымбаева бұл жолы келіні туралы аузын толтырып айтты. Жұлдызды ене тұңғышы үйленгелі қолы ұзарып қалғанын жасырмады.
 
Эстрада өкілінің сөзінше, ол күніге жас келінінің қолынан ыстық шай ішіп жүр. Рымбаева алғаш рет келіні шынымен Ақерке Бүркітбай екенін растап, онымен қарым-қатынасы туралы бар шындық жайып салды.
 
 Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ұлының таңдауы көңілінен шығып жатқанын жеткізді. Роза Рымбаева жанұясы жайлы тың мәліметтермен Алматы телеарнасындағы "Paparazzi" бағдарламасында бөлісті.
 
 "Өте керемет, осы өзіміз секілді өнердің адамы, қобызшы. Есімі - Ақерке. Бір саланың адамдарымыз ғой. Бүгінде бірге тұрамыз. Күнде келінімнің қолынан шай ішіп жатырмын. Негізі мен онымен осыдан екі жыл бұрын танысқанмын. Одан кейін Әли екеуі шешімдерін көктемде айтты. Сонымен білгеміз.Үйлену той болған жоқ. Тек 20 адамға құдалық қана өтті. Сол кезден біреулер сурет жіберген ғой. Содан өсек тараған. Карантинге байланысты үлкен тойымыз болған жоқ. Бұйртса ол күнге де жетерміз" , - деді Роза Рымбаева.
 
Алайда. өнер иесі келінінің қалыңмалы қанша болғанын айтудан бас тартты. Әншінің сөзінше, оны екі жақ өзара келіскен.