Роза жыр кешіне шақырады

Роза жыр кешіне шақырады

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкім­шілігінің және Қазақстан Жазушылар ода­ғының қолдауымен 18 мамыр күні сағат 16.00-де Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйінде қазақтың талантты ақын қызы Роза Сейілханның шығармашылық кеші өтеді.

«Ауыл аман болса екен, тауым аман...» атты шығармашылық кешке белгілі қалам­герлер мен танымал өнер жұлдыздары, ақынның бір топ қаламдастары қатысады. Қа­зіргі қазақ поэзиясында нәзік те сыршыл лирикасымен өзіндік қолтаңбасын қалып­тастыра білген ақын Роза Сейілханның есімі қалың оқырманға жақсы таныс болуға тиіс. Бүгінде «Қазақ әдебиеті» газетінде қыз­мет атқаратын Роза – әдебиет, руха­ният тақырыбында жазылған толғақты мате­риалдарымен келелі ой айтып, ақындық қары­мын азаматтық публицистикамен де ұш­тастырып жүрген қалам иесі.
Қазақстан Жазушылар одағының мүше­сі, Халықаралық «Шабыт» жастар фестива­лінің лауреаты, бірнеше республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері Роза Сейілхан 1972 жылы 25 cәуірде Алматы облысы Жам­был ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Әр жылдары М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтында, «Zaman –Қазақстан», «Ана тілі», «Алматы ақшамы» басылымдарында жұмыс істеген.
Өлеңдері өткен ғасырдың 90-жылда­рының басынан бастап республикалық басылымдарда үзбей жарияланып келеді.
Ән мен жыр әуелейтін ақынның кешін талантты әнші-композитор Роза Әлқожа мен жас қаламгер Бейбіт Сарыбай жүргізе­ді. Келемін деушілерге есік ашық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста