Руслан Мамытов, жас әнші: Ағам айтты деп жеңгеме ән арнай салатын адам емеспін....

Руслан Мамытов, жас әнші: Ағам айтты деп жеңгеме ән арнай салатын адам емеспін....

–Сәлеметсіз бе!, аға, әңгімемізді шығармашылықтағы жаңалықтарыңыздан бастасақ.
–Шығармашылығымда, жаңа, қазіргі заманауи стильдегі әндер жазғызып жатырмын. Сондай әндердің бірі “Сүйемін” деп аталады, әнін жазған өзім. Сөзін өзге ақындар жазады. Жарыққа шыққан уақатта бағасын ала жатар. Содан кейін Күнсұлу Түркімен деген Қызылорда қаласының атақты жыршысы бар, сол кісінің әніне жазылған “Кешір” деген тағы бір ән жақында дүниеге келеді. Сондай-ақ “Қасымда қалшы” деген ән шығып жатыр жарыққа. Алла бұйыртса алдағы уақытта барлығын да тыңдарман қауымға ұсынатын боламыз. Тағы да, сол әндердің ішінен сәтті шыққан бір туындыға бейнебаян түсіруді жоспарлап отырмын. Және “Жаса, Қазағым!”атты үнтаспам жарық көрді.
–“Өнердің досы – құштарлық, Жауы – іштарлық” деген сөз бар ғой. Сіздің өнер жолыңызда құштарлықтан іштарлық басым болған сәттер болды ма?
–Ақ пен қарасы қатар жүретін өмірде іштарлық болмаса тағы да болмайды. Менің шығармашылығымда іштарлықтан құштарлық басым деп айта аламын. Әрине, “адам аласы ішінде” дейді. Сондықтан кімнің не ойлайтынын білмейсің. Бірақ кейде іштарлықты да сезіп қалатын кездер болады. Пенде болған соң қателеспейтін адам жоқ. Көре алмай аяқтан шалу деген қазақта керемет қой. Сол себепті өнер жолында ондай сәттер болып тұрады. Бірақ бетіме келіп ешкім мін айтқан емес. Кеудеңде жүрек болған соң бәрін де сезеді екенсің. Жеке өз басымда өнерге деген іштарлықтан да ерекше құштарлық бар.
–Бүгінгі қазақ эстрадасына тың жаңалық болып өз үнімен келді деп кімдерді бағалай аласыз?
–Мен жаңа үн, жаңа леп әкелген деп онша көңіл аудармаймын. Тек, қазақи, әдемі әндерді айтатын әншілер мен үшін жаңалық. Ал атап айтатындай, барлығы да мен үшін бірдей. Ал, кейбір, әннің сөзіне мән бермейтін әншілер үшін қарным ашады. Сол жағына баса назар аударса, қазақ эстрадасы бір әдемі леппен жүрген болар еді. Ал, бөле жарып, жарқ ете қалды деп ешкімді айта алмаймын.
–Қазақ эстрадасының жетістігі мен кемшілігін өзіңізше сараптап көріңізші?
–Қазақ эстрадасының жетістігі өте көп. Қазір баяғыдай емес, Аллаға шүкір елім, жерім деген әндер өте көп шығып жатыр. Мысалы, әннің аранжировкасының өзіне күмбірлеген домбырамыз бен қобызымызды қосып жатады, оның өзі баяғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Барлық жағына мән берілген, көңіл бөлінген. Ал, кеміс тұстары да жоқ емес, ол айтпаса да көрініп тұрады, кейде. Біреулер рэп айтып жүр, біреулер ышқырының қайда екенін білмей киініп алады. Оның барлығы өнер адамына сын. Сондайларға қарным ашады. Ал, жалпы осы күнге жетіп отырғанымызға тәубе демеске болмас. Себебі, баяғы кезде домбырамен ғана айтып жүретін едік, қазір оған қарағанда домбырамызды жаңа эстрадаға сәйкестендіріп, кереметтей туындылар жасалып жатыр. Сол арқылы небір әндер шығып, небір топтар шет елдерде өз өнерлерін көрсетіп жүр. Мұның барлығы еліміздің жетістігі.
–“Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады”, дейді ғой Мағжан Жұмабаев. Сіз алдыңғы буынға қандай інісіз, кейінгі буынға қандай ағасыз?
– Бір күні ақын досым, Асхат Қылышбеков екеуміз ең алғаш “Жаса, қазағым!” деген әніміз шығып, радиода сұхбатта отырғанымызда бір қыз телефон шалып, Руслан аға, мен сізге шәкірт болайын деп едім дейді. Бізді бір үлкен кісі секілді көрген болу керек. Біз өзіміз тәй-тәйлеп енді келе жатқандықтан, кейде “өзіміз дуанамыз, кімге пір боламыз” деп айтам. Алдыңғы буынның артынан еріп, ағалаған інімін, дегенмен, бетімізден қайтарып жібергендер де болды, керісінше, қолынан келген көмегін аянбай жүрген ағалар да жоқ емес. Ал, менің мақсатым, мені ағалап келген ініге жақсы аға боламын деп айта аламын. Әнін жазып беріп, қолымнан келген көмегімді көрсетуге тырысамын. Себебі “аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді” деген қазақтың әдемі сөзі бар. Сондықтан біз де, тура солар секілді, жас бала болдық, сол кездерді ұмытпау керек. Ағалап келгенде, қамқорлығын аямаған ағаларыма алғысым шексіз.. Сол ағаларға тартып туып менде кейінгілерге жақсы аға болсам екен деймін.
–Шәкірт тәрбиелеп жатыр деп естідік...
-Ол рас, мен өзім іздеп сен маған шәкірт бол демеймін, менің өнерімді бағалап, жақын тартып аға деп келіп жатқан бауырларым бар. Мысалы, Әлішер Серіков деген інім, Айдана Тұрсынқұлова деген қарындасым бар. Өзге де, аты беймәлім бауырларымыз бар, қайда барсақ та, өздеріне жақын тартып, кейбіреулер ата-анасын әкеліп таныстырып жатады. Менің ойымша, мұның барлығы да, өнерімізді бағалағандықтан деп ойлаймын.
–Сіздің шығармашылығыңыздың ішіндегі шоқтығы биік туындылардың бірі, қоғам қайраткері Асанбай Асқаровқа арналған “Асқарлы аға” әні. Бұл әннің дүниеге келуіне не түрткі болды, қалай шықты?
–Асанбай ағамыздың 90 жылдығына арналған Меркі ауданында үлкен ас болды. Сонда Алматыдан барған бір топ ағалар, Асанбай ағаңа арнап әдемі бір ән жазшы деп өтініш жасаған-тын. Біз ол кісі туралы тек кітаптан оқитын едік қой, Сонымен, Еркебұлан Кенехан деген бауырыма сөз жаздырып, өзім әнін жазып,өңдеп сол тойға арнап жазып шықтық.
Сондай атқа мінген, елім деп еміренген ағаларға бір ән арнай алмасақ азаматтығымызға сын емес пе. Сондықтан арнайы тарту ретінде жазылған ән.
– Сіздің әншілігіңіз бір төбе, сазгерлігіңіз бір төбе ғой, ән жазғанда шабытты неден аласыз, болмаса кімнен?
–Өте қызық сұрақ, шынымды айтсам мен ғашық болмай жүре алмаймын, Ғашық боламын дегенде, бәрін алдап, ауызға ұру деген сөз емес, бірақ өзіммен өзім, меніңде ішкі сырым бар, “Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, менің нәзік жанымды кім түсінер” деп Мұқағали ағамыз айтпақшы, әркімнің өз нәзіктігі, махаббаты болады. Мен тек қана қыздарға ғана ән жаза бермеймін, оны білесіздер, кейде құлазисың, өмір деген тек қана қуаныштан тұрмайды ғой, кейде, жабырқайсың, көңілің қалады, біреуге разы боласың, көңілің көтеріліп ғашық болып есіңнен танатын кездер болады, сондай көңілдің бір сәттерінде шығады ән. Ал, тапсырыспен әнді өте сирек жазамын. Үлкен ағалар өтініш жасап, елге керек дүниелер болмаса, бір ағам айтты екен деп жеңгеме ән арнай салатын адам емеспін. Тапсырыспен ән жазбаймын.
–Сіздің «Жаса, қазағым», «Сен жылама» әндеріңіз тыңдарман көңілінен шықты. Ендігі кезекте, сіздің ойыңызша, қай әніңіз хит болады?
–Бұйыртса “Сүйемін” деген әнім бар, сосын “Қасымда қалшы” деген әнім бар, осы әндер тыңдарман көңілінен шығады деген үлкен үмітім бар. Жастарға арналға ән, “Махаббатсыз дүние бос дейді”, сол жастарға, махаббатқа арналған ән.
–Алла бұйыртса, Айлардың Сұлтаны атанған – Рамазан ай келе жатыр. Дайындығыңыз қалай?
–Шүкір, Аллаһ разылығы үшін ораза ұстаймыз. 30 күн ораза 5 парыздың бірі ретінде әр мұсылманға парыз. Сол ауыз бектікен бауырларымызбен бірге болуды нәсіп етсін. Сол күнге жеткізсін.
–“Алаш айнасы” оқырмандарына тілегіңізді білдірсеңіз...
–“Алаш айнасы” оқырмандарына айтарым, алты алаштың ұрпағымыз ғой бәріміз, сол айнадай алашымыздан ешқашан бақ пен ырыс кетпесін. Бақыттың базарында, Алланың назарында болып, бізге амандық тілеген сонау жоғарыда отырған ағаларымыз аман болсын! Халқымызға иман беріп, еліміздің еңсесі биік болып, Жаратқан жақсы күндермен жарылқай берсін!
–Әңгімеңізге рахмет, аға!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста