Рүстем Нұржігіт әпкесінің депутат атанғанына қатысты пікір білдірді
Отандық танымал әнші Рүстем Нұржігіт әпкесі әрі белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіттің сенат депутаты атанғанына қатысты ойын айтты.
Әнші бауырының жаңа қызметі отбасы үшін күтпеген жаңалық болғанын жеткізді деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Рүстем Нұржігіттің сөзінше, танымал әпекесі жаңа қызметіне лайық.
"Енді ол бізді жанұямыз үшін күтпеген жаңалық. Бірақ, бәріміз өте қуаныштымыз, неге десеңіз себебі Дана өз ойын айта алатын адам, өз пікірім әрине. Дана әпкем, сол орынға лайықты деп ойлаймын".
Сондай-ақ, әнші өнер өкілі саяси қызметтермен айналыса алмайды деген пікірлермен келісе қоймайтынын жеткізді. Себебі әпкесінің мамандығы журналист екенін еске салды.
"Әншілерге мүмкін қиындау болар деп ойлаймын. Өйткені тек қана, әншілікпен айналысқан адамдардың мәжіліс депутаты болуы мен үшін қиындау болатын сияқты" , - дейді Рүстем Нұржігіт.