Рухия Байдүкенова «Славян базарында» көш бастап тұр
Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бірінші конкурстық күннен кейін әнші 70 балдан 69 ұпай жинады. Қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық орындаушыға 10 ұпай берді, Ресейлік Сергей Пенкин 9 ұпай берді.
Айта кетейік, биыл қазылар алқасының мүшелері арасында Димаш Құдайберген де бар, ол 2015 жылы «Славян базарының» бас жүлдесін жеңіп алған болатын.
Димаш Құдайберген қазақстандық әнші шыққан кезде, барынша қолдау білдірген.
Tengrinews.kz.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу