"Рыжий Алмаздың" аты "Бригада" сериалында неліктен аталды? (видео)

"Рыжий Алмаздың" аты "Бригада" сериалында неліктен аталды? (видео)

Биыл экранға шыққанына 20 жыл толатын ресейлік "Бригада" сериалында 90-шы жылдары Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесі болған "Рыжий Алмаздың" есімі аталған.

Танымал ресейлік "Бригада" сериалының соңғы 15-бөлімінде "Рыжий Алмазға" қатысты эпизод бар.

 

Несіпбай Нәсенов (Рыжий Алмаз) / © mzk1

 

"Рыжий Алмаз" деп отырғанымыз — 90 жылдары еліміздегі қылмыс әлемінің серкесі болған Несіпбай Нәсенов.

 

Енді кинодағы эпизодқа тоқталсақ, "Бригада" сериалының соңғы бөлімдерінде "Саша Белыйдың" достарының бәрі өледі. "Космос", "Пчела" және "Фил" күзетші Макстың қолынан қаза табады. Максим Карельских (Макс) 9 жыл бойы "Саша Белый" мен отбасының күзетшісі болып жүріп, ақырында сатқындық жасайды. Ол отставкадағы милиция-лейтенанты Владимир Кавериннің адамы болған. Достары өлген соң, "Саша Белый" Макстен кек алуды көздейді. Сол кезде "Белыйдың" күзетінің бастығы Шмидт арқылы көптеген қылмыс әлемінің серкелері өз сәлемделерін жеткізеді. Яғни қарымта жауап қажет еместігін айтқан. Соның арасында "Алмаздың" да есімі аталады.

 

Мен бүгін "Большой Коляны", "Триел" және "Алмазды" көрдім. Олар сенімен кездескісі келеді. Мына жағдайға алаңдап отыр. Максті табуға көмектесеміз дейді. Бірақ қарымта жауап бергенінді қаламайды, — дейді Шмидт "Саша Белыйға".

 

 

Жалпы, "Бригада" сериалында басты рөлдегі Александр Беловтың протипін ресейліктер 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың басында Мәскеудегі қылмыс әлемнің серкесі болған "Сильвестр" деген лақап атпен танымал Сергей Тимофеевпен байланыстырады. Ал "Экспресс К" тілшісі сериалдың сценарийіне қарап, "Сильвестерге" қарағанда "Рыжий Алмаздың" биографиясына көбірек келеді деп санайды.

 

Екеуінің де басты ұқсастығы — көшбасшылық қасиеті мен жылдам шешім қабылдауы. Алғашында екеуі де бандит болуды көздемеген. Александр Белов өмірдің мұндай жолына достарының арқасында келсе, Несіпбай Нәсенов ашық дереккөздерде зорлық-зомбылықтың құрбаны басында өзі болған. Кейіннен спортшыларды жинап, қылмыстық топ құрған.

 

Несіпбай Нәсенов (Рыжий Алмаз ортада) / © mzk1

 

"Рыжий Алмаздың" әкесі Болатбек Нәсенов "Азаматтық пікір" бағдарламасына берген сұхбатында кеңірек айтып өткен. Несіпбай Нәсенов 1961 жылы 24 наурызда Семейде дүниеге келген. Қырқынан шыққан уақытта ата-анасы ажырасып кеткен. Сосын анасы Несіпбайды алып Қырғызстанға кеткен.

 

Айтуынша, екінші рет үйленген соң ол Несіпбаймен де, оның анасымен де байланысын үзген. Кейін ұлы істі болған соң анасы амалсыз көмек сұраған.

 

Несіпбайды Красноярскіде бес жылға соттап жібергенін, ол туберкулезбен ауыратынын айтты. Мен Мәскеудегі таныстарымнан көмек сұрадым. Олар Несіпбаймен танысып, оның ешқандай қылмысқа қатысы жоғын жеткізді, — дейді әкесі.

 

Баласы түрмеде туберкулез ауруына шалдыққан. Әкесіне сол кезде 7-8 беттік хат жазған.

 

Өгей әкесінен көрген қорлығын, далада түнегенін жазған. Анасы әкең өмірден өткен депті. "Сіздің тірі екеніңізді білгенде баяғыда келетін едім" деп ақталды. Енді маған келгісі келетінін айтты. Мен екінші отбасыммен ақылдаса отырып, оны өзіме шақырдым, — дейді Болатбек Нәсенов.

 

Осыдан соң әкесі ұлын ауруханаға жатқызып, 8 ай емдейді. Аурудан құлан таза айыққан соң ұлын жұмысқа орналастырады.

 

Фильмде "Белыйда" тек анасымен тұрады. Осы жағынан ұқсастықтары бар. сосын Белов Мәскеуді билеп төстесе, Нәсенов сол жылдары Алматыдағы қылмыс әлемінің серкесі болды. "Сашаның" бригадасы қару-жарақ тасумен айналысса, "Рыжий Алмаздың" иелігінде мұнай-газ бен ойын бизнесі кірген.

 

"Бригада" сериалынан кадр

 

Сосын екеуі де өнер адамына үйленген. Фильмде Белов скрипка тартатын Ольга Суриковамен бас қосады. Оның рөлін Екатерина Гусева сомдаған. Ал Несіпбай Нәсенов өмірде тәжік әншісі Ситора Назаровамен бас қосқан. Екеуінің де өмірінде ұл бала дүниеге келеді.

 

Өмірде Ситора мен Нәсенов бес жыл бірге тұрған. Алайда оның әйелі екенін елге айтудан қорқыпты. Күйеуінің дұшпандары біліп қойса, оған кесірі тие ме деп ойласа керек.

 

Несіпбай Нәсенов (Рыжий Алмаз) / © mzk1

 

Оның мен жұмыс істеген мейрамханаға қатысы бар болатын. Менің ән айтқанымды тыңдап жүретін. Біраз уақыт бойы соңымнан жүгірді. Бірақ, мен үш ай бойы оның сезіміне жауап қатпай жүрдім, — дейді Ситора сұхбаттарының бірінде.

 

Мейрамханадағы қайдағы бір әнші қыздың атақты "Сары Алмасқа" назар аудармағаны намысына тиген. Осыдан кейін ол әнші қыздың жүрегінен орын табуды көздейді.

 

Фильмде Белов та Ольга Сурикованың артынан біраз жүгіреді. Сосын үйлену тойларынан алғашқы неке түні "Саша Белый" әйелімен бірге қастандыққа тап болады. Бірақ жарылған гранатадан аман қалады. Сол секілді Несіпбай Нәсеновке де алғашқы неке түні қастандық жасалған.

 

Қылмыс әлемінің екі серкесі де қайырымдылықпен айналысқан. Фильмде "Белый" шіркеу құрылысын қаржыландырса, "Рыжий Алмаз" Алматыдағы Көк базардың қасында мешіттің құрылысына көп қаржы бөлген.

 

"Сары Алмастың" үстінен 1992 жылы Алматыда үш бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған суық қару сақтады, салықтан жалтарды және дәулетті азаматтарды қорқытып-үркітуге қатысты деген айып тағылып, бес жылға бас бостандығынан айрылады.

 

Несіпбай Нәсенов (Рыжий Алмаз) / © mzk1

 

Павлодар мен Маңғыстау түрмелерінде жазасын өтеген ол бостандыққа шыққан соң күзет фирмаларын құрып, заңды кәсіппен айналысады. Көп ұзамай шетелге кетеді,

 

1998 жылы Барселонада өлтіргені жайлы ақпарат тараған. Ол құрған қылмыстық топтың құрамында 100-ге тарта адам болған.

 

 

 

exk.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста