Шаба Әденқұлқызы, әнші, сазгер: Ұлттық өнерді ұлықтасақ – ұтылмаймыз

Шаба Әденқұлқызы, әнші, сазгер: Ұлттық өнерді ұлықтасақ – ұтылмаймыз

— Қазіргі қазақ эстра­да­сын­дағы ұлттық бағытты дамытып жүрген санаулы әншілер бар. Со­лардың жұлдызды сапынан өз ор­ны­ңызды таба алдым деп ойлайсыз ба? Алдағы күндері Алматыда шы­ғар­ма­шылық кешіңізді өткізейін деп жа­тыр екенсіз, бәрі сәтті болсын. Осы кеш барысы туралы оқырмандарға аз-кем айта кетсеңіз.
— Бойымда ел-жұртым мойын­дарлық өнерімнің бір ұшқыны болса, ол алдымен бір Алланың арқасы деп білемін. Енді біраз жылдан бері жинақталған шығармашылық тәжірибем мен репертуарымдағы жаңа дүниелерімді жинақтап, халыққа ұсынсам деген ниетім бар. Осы орайда шығар­ма­шы­лық кеш 16 қарашада Алматыдағы Мұх­тар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік  академиялық драма театрында кешкі сағат 19.00-де өтетін болып белгіленді. Кеште айтылатын әндердің мазмұны жағынан ұлтымызға мақтаныш болып келген халық әндері, елімізге белгілі композиторлардың әйгілі әндері орындалады. Сонымен қатар өзім жазған әндерді де орындаймын. Құр­ман­ғазы атындағы оркестрдің сүйе­мел­деуі­мен бірнеше ән болады. Халқымыздың қасиетті қара домбырасымен және ги­та­ра­мен де әндер айтамын. Кештің ең басты ерекшелігі – табиғи тірі дауыста өтетін­ді­гін­де. Кешке келетін арнайы қонақтар мем­лекеттік сый­лықтың иегері Қайрат Бай­босынов, көптің көңілінен шығып жүр­ген әншілер Тоқтар мен Бейбіт, Нұрлан Албан, Ақбота Керімбекова, «Ғасыр» тобы, қазақ биінің үздік шебері Шұғыла Сапар­ға­лиқызы, өзге де жұлдыздар өз өнерін жұртқа ұсынады. Кеш Тәуелсіздігіміздің 20 жылына арналып «Мар­жан қыз» деген атпен ұйым­дас­ты­ры­лып отыр.
— Әншілігіңізбен бірге ком­по­зи­тор­лық ерекшелігіңіздің бар екенін жақсы білеміз. Осы уақытқа дейін қанша ән жаздыңыз және оны кімдер орындап жүр?
— Негізінде, ән айту ата-ба­ба­ла­ры­мыз­дан жалғасып келе жатқан ерекшелігім болу керек. Әкемнің де, шешемнің де өнер­ге деген сүйіспеншілігі аса жоғары еді. Ауыл-елдің ішінде әжептәуір өлең айтып жүретін. Екі әпкем жап-жақсы ән айтады. Солардың арасынан арнайы өнер қуып, білім жолына түсіп, кәсіптік деңгейге кө­те­ріл­­ген мен болдым. Қытайда колледждің музыка мамандығы бойынша білім алып шық­қан соң, қызмет жолымды шәкірт тәр­бие­леу бағытында бастап едім. Алла бер­ген өнер шығар, әдемі әндерді орындай жү­ріп, өзгеше бір күйге еніп, жаңа әуендер шығара бастадым. Арнайы композиторлық мамандықты оқымасам да, баяғыдан бізге белгілі болған халық композиторларының жолын қуып, толыққанды әндерді өмірге алып келдім. Әрі олардың алғашқы орын­дау­шысы өзім болдым. Ауыздан-ауызға таралған әндер ел ішін кезіп кетті. Бірнеше ән кассеталарым жазылып, тың­дар­ман­да­рым жағынан ықыласқа бөленді. Бұл менің өнерге деген қызығушылығымды тіпті де тереңдете түсті. Осылайша 2002 жылы Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­сер­ваториясының дайын­­дық курсына қа­был­данып, осы оқу ор­ны­ның арнайы бө­лі­мін­де 2004-2008 жылдар ара­лы­ғын­да халық әні ка­фед­ра­сында дәстүрлі ән кла­с­ын бітірдім. Ай­рықша айта кететін жайт – Қа­зақ­стан­ның Ха­лық әртісі, дүл­дүл әнші Қай­рат Бай­босынов аға­мыз­дың ше­бер­­ха­на­сын­да шың­дал­ғаным менің ең үлкен олжам болды. 2008-2010 жылдары осы оқу орнының магис­тра­ту­ра­сын бітірдім. Дипломдық жұмы­сым­ды ойдағыдай қорғап, үз­дік нәтижемен оқуым­ды тамамдадым. Орын­дау­шылық және ән шы­ғару жағынан кәсіптік дең­гейде құлшыныстар танытқандығымнан бо­лар, нәтиже жаман емес. Қазірге дейін 30-ға тар­та ән жаздым. Соның же­теуі орындалып жүр. Өнер­дегі өзім сыйлайтын жұл­дыздар Рамазан Стам­­­ғазиев, Ұлту Қа­бае­ва, Меруерт Түсіпбаева се­кілді әншілер сахнаға алып шықты. Жалпы, өзім орындаған 20-дан аса ән радиода жиі бері­ліп жүр. Дәл қазір Т.Жүр­ге­нов атындағы Қазақ өнер ака­де­мия­сында дәстүрлі ән бөлімінде ұстаз­бын.
— Сіздің мақтан тұ­тар­лық өнеріңіз бол­ға­нымен, көгілдір эк­ран­нан көп көрінбейтін себебіңіз не?
—  Өзіңізге белгілі, өнер жолы кім-кімге де жеңіл емес. Бүгінгідей күрделі заманда халық әнімен халқымызға танымал болу аса ауыр соғып тұр. Дәстүрлі өнер жағында жүрген әрбір адамның басындағы мұң – осы. Уақыт алып келген жаһандану үрдісі өзінің артықшылығы, абзалдығын көр­се­тумен бірге, ұлттық құндылықтарымызға да зиянын тигізіп жатыр. Уақыт солай бол­ды екен деп, қасиетті өнерімізден қашқым келмейді. Қазақтың халық әндерінде, ұлт­тық композиторларымыздың әндерінде әдемілік, сұлулық, көркемдік, терең фи­ло­со­фия, даналыққа бастар ой жатыр. Ерте ме, кеш пе, ұлтын сүйген ұл-қыздар ұлттық бояуы қалың халық қазынасына тоқтайды. Аз санды батыстанған ағайындарды есепке алмағанда, басым көп қарагөз қандас­та­рым халықтық дәстүрді қорғайды және қол­дайды деп нық сенемін. «Алматы – менің жү­регімде» ән фестивалінің жүл­де­гері бол­ғандығым ұлт өнеріне деген құрмет деп сеземін. «Үри-ай» атты альбомымның тың­­дармандар жағынан жылы қабылдануы – соның айғағы.
— Өнер мектебіңізден хабар таптық, өмір мектебі туралы не айтасыз?
— Жер жаннаты – Жетісудың тумасы­мын. Әй­гілі Хантәңірі бөктеріндегі Райым­бек ау­данына жалғасып жатқан Өртекес өңі­­рінің қызымын. Ақындар мен батыр­лар­ға бесік болған шұрайлы өлке, ұйыған қазақы тірлік өз ортасында есейтті. Ата­лар­дан қал­ған «Сүйіндіктің сүйкемесінен сақ­та» деп тәмсіл болған тілді-жақты, өнер­ді өмі­рім деген өлкеде есейдім. Тамырдан да­ры­ған қасиет бүгінгідей қара ша­ңы­ра­ғы­мыз­дың ордасынан білім алу дәре­жесіне дейін алып келді. Қайрат Байбо­сы­нов се­кілді ағаларымыз бен өзге де апа­ла­ры­­мыздың аялауында, алыстан келген ағайынға құшағын ашқан еліміздің ер­ке­ле­туінде оң-солымызды танып келеміз. Міне, енді 10 жыл бойы өнердегі ізде­ні­сім­нің жауабы ретінде халықтың өнерін өзіне қайтаруды мақсат етіп, дәстүрлі ән­дер­ді әспеттеген шығармашылық есептік кешімді ұсынып отырмын.
— Шығармашылық кешіңізді Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығына арнап отыр екенсіз. Бұл ретте елге айтар қан­дай тілегіңіз бар?
— Ең бастысы, ғасырлар бойы арман бо­лып, аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз баянды болсын. 20 жылдың жемісі мен жеңістері мәңгілікке жалғасса екен деп Жаратқаннан тілек етеміз. Өнерін өрге сүйреген ұлтым бар жерде ұятқа қалдырмайтын ұл-қызы болуға даярмыз. Ұлттық өнерді ұлықтасақ – ұтылмаймыз. Осы жолдағы ұмтылысымыз түбінде жемісті нәтижесін береді деп сенемін.
— Әңгімеңізге рақмет. Шығар­ма­шы­лығыңызға табыс тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста