Сәбит пен Айгүл махаббат туралы телехикаяға түсіп жатыр

Сәбит пен Айгүл махаббат туралы телехикаяға түсіп жатыр

 Жуырда көрермендер назарына “Көзайым” атты жаңа туынды ұсынылмақ. Аталған телехикаяда Айгүл Иманбаева, Сәбит Әбдіқалықов, Батыр Байназаров сынды танымалдар ойнайды. Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып “Ринго” тобының продюсері Алуа Қонарова бөлісті. Ол түсірілім алаңына барып, Батыр Байназаровтың қалай жұмыс істеп жатқанын арнайы бақылаған екен.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“BasDalaGrouр” шығармашылық бірлестігі Ұлттық арнаның тапсырысы бойынша телехикая түсіріп жатыр. “Көзайым” деп аталатын туындының режиссері – Ақжол Әбілов. Ал қоюшы-операторы Қытайдан арнайы шақыртылған екен. Ол – Ерзат Батай. Сценарийін Данияр Күмісбаев жазған. Идея авторы мен бас продюсері Салтанат Қалиева.

Телехикаяның сюжеті махаббат оқиғасына құрылған. Бай отбасында тәрбиеленген Еркебұлан достарымен өзіне Көзайымды ғашық қылуға бәстеседі. Уақыт өте келе әлгі қызға ессіз ғашық болып қалады. Мұнымен қатар, бұл сұлуға Сұлтан есімді жігіт көз салады. Артынша Сұлтан мен Еркебұланның туған бауырлар екені анықталады. Тағдырдың тосын сыйлары мұнымен аяқталмайды. Кейіпкерлерді шытырман оқиғалар күтіп тұрады.

“Фильм қыз бен жігіт арасындағы махаббатты өзек ете отырып, ана мен бала, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көп қозғайды. Тәрбие, өнеге үлгі мәселелері де бастапқы орында. Ең бастысы, сатқындық, тәкаппарлық, менмендік, жауыздық сияқты теріс пиғылды қасиеттердің ақыр соңында жеңіліс тауып, жақсылық атаулының жеңіске жететіндігін тағы да бір дәлелдейді. Басты ерекшеліктері – актерлік құрамы мен локациялары.

Бұл туындыда бұрын-соңды телехикаяларда ойнамаған белгілі актер Ерік Жолжақсынов басты рөлдердің бірін сомдайды. Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева көпшіліктің алдында үйреншікті емес, күтпеген образда шығады. Азат Сейітметов, Сәбит Әбдіқалықов та өз өнерлерін көрсетіп, көрерменді қуантпақ. Жас таланттарға да тың жол ашылады. Олар – “Ринго” тобының әншісі Батыр Байназаров пен “Дуэт А” тобының әншісі Маржан Қалыбек. Телехикаяда тәжірибесі бар Нұрболат Абдуллин де жас актерлер тізімін толықтырып отыр. Түсірілім тобын ұйымдастыруда да тың дүниелер көп болса екен дедім.

Сол үшін қоюшы режиссер ретінде Ақжол Әбілов, қоюшы оператор ретінде Қытайдағы ең үздік ондыққа кіретін қандасымыз Ерзат Батайды шақырдым. Сондай-ақ бұл телехикая үшін көрерменнің көзін қуантатын ең әдемі локациялар таңдалып алынды. Мұндағы мақсат – қазақ халқының ешкімнен кем тұрмайтынын, өздеріне жағдай жасай алатынын, халықтың хал-ахуалының жақсы деңгейде екенін көрсету”, – дейді “BasDalaGroup” шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Салтанат Қалиева Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Түсірілім жұмыстары 26 шілдеден бастап, 28 тамызға дейін созылады. Шығармашылық топ түсірілім жұмыстарына үш ай уақыт дайындалған екен. Басты рөлдерді Батыр Байназаров, Маржан Қалыбек, Нұрболат Абдуллин, Ерік Жолжақсынов, Айгүл Иманбаева, Сәбит Әбдіқалықов, Азат Сейітметов сынды актерлер сомдайды. Көрермендер назарына 40 минуттан тұратын 20 бөлім ұсынылады.

 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста