«Сағындым Алматымды» әніне сөз жазған автор талантының түрлі қырымен таңқалдырды

«Сағындым Алматымды» әніне сөз жазған автор талантының түрлі қырымен таңқалдырды

«Қосамын әнге атыңды, тосамын әр хатыңды, Сағындым алма бағын, арайлы Алматымды!» Әр қазақтың санасында жатталып қалған осы әннің авторы Алтынбек Қоразбаев, ал сөзін жазған ақын кім? Білесіз бе?

 

Ол Серікбай Оспанов. Әндері аңызға айналған арда ақын туған жерінде ел қатарлы күн кешіп жатқан жайы бар. Бірақ бұл кісіні тек ақын деп ғана атауға болмайды. Ол бұрынғы Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров секілді қолөнердің қыр-сырын ұққан шебер.

 

Таяуда жұртты тағы бір таңқалдырып, алтын бесік жасап шықты. Қырық жылға жуық ағаштан түйін түйген шебер Серікбай Оспановтың қолынан қанша  домбыра, бесік шыққандығын өзге түгіл өзі де дөп басып айта алмайды. Шамалап мыңға жетеғабыл шығар дейді. Бірақ әр туындысына ерекше бір рең, өзіндік бір мазмұн беруге тырысады.

 

Мысалы, соңғы түрлі-түсті металл қолдана жасаған бесігінің тарихи, тәрбиелік мәні бар.

 

Серікбай Оспанов, ақын, қолөнер шебері:

 

- Әлкей Марғұлан ғұлама ғалым ғой, сол кісінің бір еңбегінде айтылады. Кешегі біздің ата-бабамыз бар жылтыраған алтын, керемет дүниелерінің бәрін бесікке тағады екен. Сол бір жағынан есімде бар. Сосын бұл экологический таза нәрсе, Бұл ешқандай, ештеңе бөлмейді. Мынау мынандай дюраллюмин деген бар  ғой, қазір аллюминий салсаң, жеп-жеңіл болады.

 

Алтын бесіктің  бөгені мен табанын байланыстыратын түрлі-түсті металдар шынымен ерекше көрік береді. Және бала төсегі  барынша жайлы, ыңғайлы болу жағы да қарастырылған.

 

Серікбай Оспанов, ақын, қолөнер шебері:

 

- Кілең айтамыз ғой, «Алтын бесік-туған жер»,  шынында да бесікке теңеп жатыр ғой туған жердің өзін. Баланың төсегі ғой, төсегі әдемі болсын, жақсы болсын, мен көбісіне, бала көріп жататын жағына көбіне домбыраны салам, Қазақтың қасиетті санайтын заттары ғой, Соны былай салып қоям мына жерге, Сол домбраыны көріп өссін деген нәрсе ғой.

 

Ақын Серікбай Оспанов үш жүзге жуық ән сөзінің авторы. «Сағындым Алматымды» , «Шилі өзен», «Ерке елігім» сияқты көптеген әндер  жалпақ жұртқа мәшһүр.

 

Сан қырлы Серікбай ақынның балаларға арналған шығармашылығы өз алдына бір төбе. Соның ішінде домбыра, бесік жайлы толғайтын өлең-жырлары жеке бір жинаққа жүк болатындай.

 

Серікбай Оспанов, ақын, қолөнер шебері:

 

- Бесікке байланысты әндер көп. Осында бізде бір әншілер тобы сол Ақ бесікті тамаша орындайды. Ол біздің ұлттық нақышқа келе бермейді. Бірақ әдемі сәтті шыққан ән. /скл/ Әлгі біздің «әлди, әлди ақ бөпем» сияқты әндерге еліктеу жоқ. Онда кездесе бермейді дегенім сол ғой, жеңіл және әдемі ән.   

 

Алдағы уақытта қолөнер шебері Серікбай ақын алтын бесіктің құрастырмалы түрін жасамақ.

 

 

 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста