"Сағыз шайнап отырып айтқан ба?" Аманғали Сыпабеков әншілерді оңдырмай сынады

"Сағыз шайнап отырып айтқан ба?" Аманғали Сыпабеков әншілерді оңдырмай сынады

Белгілі әзілкеш Аманғали Сыпабеков қазіргі әншілерді сынап, пародия салды. Видео Желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Ол Kalifarniya, Қанай секілді әншілердің әндерін сынап, сөздері түсініксіз екенін айтады.

"Бастарында баскиім, көздерінде көзілдірік, микрофонды былай ұстайды. Ана Саяттарды қарашы, маңдайын ашып, жүзін, бәрін көрсетеді. Өйткені армандаған ғой. Бұлар армандамаған, тыңдайсың ба, тыңда, тыңдамасаң, қой. Өз рахатым, айтып жатырмын. "Мұңға батып, терезесін қағып". Ерініп айтады, өлімсіреп айтады.

"Мұңға батып, суық күнде қалғанда,
Жылытатын адамыңды арманда,
Дөңгеленген ғаламшардың ішінде".

Шаршады. Жоқ, ол баланы түсінуге болады. Әні хит болып кетті. Коронавирустың кезінде шықты ғой бұл. Мен түсіністікпен қараймын. Зерттедім. Коронавирустың кезінде ауырып тұрды. Адам қиналып тұрады ғой, сол кезде шығып кеткен шығар. Қасындағы палатадағыға "аға, тыңдайсың ба, бір ән шығардым" деген. "Қарашы, мынадай өлең, қай құлағың жақсы естиді? Бері отыр. Мұңға батып, суық күнде қалғанда. Қойшы ауырып тұрмын мен" деген", - дейді Аманғали Сыпабеков.

Кейін актер "Ол қыз" әнін сынайды.

"Мынаны айтшы. Сөзін әлі түсінбедім. Өткенде Google-дан жазып алдым.

"Кетті лақты ол тыңдамай,
Бидің үстіне би сұрайды неге.
Ол қыз ол қыз".

Түсінбейсіздер, иә? Аузында бірдеңе бар ма? Тамақ жеп отырып немесе сағыз шайнап отырып айтқан ба? Мына жерін мен айта алмаймын. ...Осы өлеңді Саят Медеуовке айтқызса, қандай ән шығады?

Құрметті өнерсүйер қауым, құрметті жастар, сүйікті әншілеріңізді сәл тілге тиіп етіп жіберсем, ренжімеңіздер. Бұл әндерді сіздер тыңдап жүрсіздер. Байқайсыздар ма, ән әдемі? Бірақ сөзді неге құртады? Сөзін анық-анық айтпай ма деймін", - дейді актер видеода.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған. Көпшілігі актердың пікірін құптаған:

"Керемет салады ғой", "Әзіл де болса шындық", "Әзіл болса да шын, бар нәрсені айтып тұр. Әншілерге сын керек, түзелуге, түзетуге", "Ащы да болса шындық, сахнаның сәні кетті, мүмкін жастардың көзқарасымен де қарау керек деген ұстаным бар шығар, оған да көндік, дегенмен сөзге мән беру керек. Сахна мәдениеті бар. Кемшіліктерді уакытында түзету керек. Түзелмей ме, сахнадан шығып кетсін", "Сайқымазақ, ізденіс жоқ, халық шаршады, ХХ ғасыр", - дейді пікір білдірушілер.

Massaget.kz. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста