Шәкәрім: датталу мен ақталу

Шәкәрім: датталу мен ақталу

Абайдың ағалық тәрбиесін көріп өскен Шәкәрім де – жастайынан инемен білім, таным құдығын қазған жан. Абай тәлім алған көне Шығыс әдебиетінен інісі де сусындаған. Ізденімпаздық Шәкәрімді терең ойлы ақындық, даналық, төбе билік, ар ілімінен аттамайтын адамдықтың кемел шыңына жеткізеді. Елге пайдасын тигізуді ғана ойлаған Шәкәрімнің идеясы ұлт мүддесін қорғаған алашордашылармен бір жерден шыққан. Қазақтың қамын жеген ұл тыныш жатпай, саясатқа араласып, ақыр соңында бұл жанашырлығы өзіне «халық жауы» деген сор болып жабысады. Бәрінен де жанға бататыны – саяси жала кесірінен арда туған асыл ер сүйегінің ардақталмай, арулап көмусіз, қараусыз құр құдықта қанша жыл қалып қоюы.

Ерлан СЫДЫҚОВ, тарихшы, алаштанушы:
– 1930 жылдары ел арасында көпте­ген толқу болды. Оған себеп – больше­виктердің сталиндік сыңаржақ саясаты. Кәм­песке, көшпенді қазақты отырық­шы­лыққа күштеу, өзінің эко­номикалық дәс­түрін бұзу, соның нәти­жесінде болған аш­тық зиялыларды ойландырмай, халық­ты ашындырмай қойған жоқ. Сол кезде Шәкәрім секілді беделді ел аға­ларына қарапайым халықтың барып жү­гінуі, тығырықтан шығуға көмектесуді сұ­рауы заңды. Шәкәрім ақыл-кеңес беріп, большевиктік саясатқа қарсы болуы мүм­кін, бірақ қолына қару алып, көтеріліс бас­таған адам емес. Алайда Шәкәрімнің беделінен, көлеңкесінен қорыққан жергілікті билік, ОГПУ отряды, оны басқарған Қарасартов «бандыны іздейміз» деген желеумен Шыңғыстауды аралап, саят құрып жүрген Шәкәрімді отряд мүшесі, башқұрт азаматына атқызады. Ертеңінде ат­қан адамды елі Башқұртстанға қайтарып жібереді. Жоспарланбаған дүние болса, кез келген біреу не өзі атар еді. Сол жерде түйеге артып, елдің бәріне көрсетіп, «міне, сендердің Шәкәрімдерің – мынау» дегендей қыр көрсетіп, Бақанастағы құр құ­дыққа денесін тастап кеткен. 1958 жылы Шәкәрім ақталған кезде біраз азамат таяқ жеді. Сол кезде «Қазақ әде­биетінің» бас редакторы болып тұрған Әбділдә Тәжібаев қуаныштан Шәкәрімнің біраз өлеңін басып жіберді. Бірақ Қарасартов сынды ОГПУ белсенді мүше­лері ол кезде әлі де тірі, ықпалды болатын. «Мәскеуге жазамын» деп жергілікті партия басшылары­на қоқан-лоқы жасатып, нақтылы ақтат­тырмай, Әбділдә Тәжібаевты жазаға тарт­қызған.
Әкесіне жала жабылып, ертелі-кеш бір қауіптің төнерін білген ұлы Зият пен немере інісі Берлеш кезінде Шәкәрімді Қытайға алып кетпекші болған.
Сейітқазы ӘЗІМБАЕВ, Құнанбайдың Тәкежанының Әзімбайынан тараған ұрпағы:
– Шәкәрімді әкем Берлеш (1885-1964 жж. Шын аты — Фирдоуси. – Ж.Ж.) пен баласы Зият Қытай жаққа алып кетеміз деп келген. Бірақ ол жаққа кету Шәкәрімнің ойында болмаған. Керісін­ше, елдің басын біріктіріп, ел болайық дегенді үгіттеп жүр­ген кезі. Баласына «осында тудым, осы жерде өлемін, ешқайда қаңғымай-ақ қояйын» деген екен. Керегетаста жүрге­нін әлде­кім­дерден естіп, Қара­сартов­тар келіпті. Бір дөңнен шыға келгенде, әлгілер Шәкә­рімнің «атпаңдар, менің кінәм жоқ» дегеніне құлақ аспай, атып жіберген. «Қашқындар» деп біздің әкеміз бен Зият та қудаланатын болған соң, Алтай жаққа асып кеткен. Арнайы тұрақ жоқ. Қытай мен екі орта елшілік арқылы хабар алып, «қаш­қындар» деп қудалаған. Анда-мұнда қашып жүрген­де Зият ұсталып, түрмеде қайтыс болған. Әкем Сарысүмбе деген жерге қашып барған. 1952-1953 жылдары кеңес азамат­тарының төлқұ­жат­пен еліне қай­туына болады деген соң, 1955 жылы елге келгенбіз. Келерде Зайсан ар­қылы өте бергенде, әкемді «неге қаштың» деп жауапқа алды. Әкеміз: «Мені қашты деп айтпа! Мен бошалап кеттім, боталап келдім. Енді не істесеңдер де — өз ерік­терің!» – деді.
Тағы бір тың дерек: Зият пен Берлеш Қарасартов әскерінен қашып бара жатқан жолда оларға астарындағы аттарын беріп, қоржынға ас салып, астыртын шығарып салуға көмектескен Кенжетілеу Долан­бекұлы мен жуантаяқ руынан шыққан Мырзалы деген адам болған. Бұл туралы Мінәш Әрхамқызының 1998 жылы «Үш анық» газетіне берген естелігінде де айтыл­ған. Кенжетілеудің немересі Меруерт До­лан­бекованың айтуынша, қудалаушылар сезіктенбеу үшін астындағы атты тартып әкеттіге келтіру мақсатымен Кенжетілеу «бізді бір соғып, ұрып кетіңдер» деген екен. Ел арасында білектілігімен мәлім Берлештің бір жұдырық сілтеуі Кенжетілеу­ді, расымен, есінен талдырып тастапты. Халық малы үкіметке күштеп бергізіліп жатқанда, қарсы шыққан Кенжетілеу де 1937-1938 жылдары «халық жауы» атанып, Семей түрмесінде Тұрағұлмен бірге жатқан.
1988 жылы 15 сәуірде Шәкәрім нақты ақталған тұста бөркін аспанға лақтырып қуанған абайлықтар ақын тасталған құр құдық басына белгі қоюды парыз деп біледі.
Төлеген ЖАНҒАЛИЕВ, шыңғыстаулық ақын:
– Шәкәрім қайта тірілгенде Абай ауданы әкімінің орынбасарымын. Аудан әкімі Орал Арғынбеков: «Құр құдықты тауып, Шәкә­рімнің басына белгі қоя­йық», – деп тапсырма берді. Бақанастың бойында он шақты құр құдық бар. Нақты қай құр құдықтан қазып алғанын дәл табуымыз керек. Абай ауылының көз көрген қарттары, арнайы құрылған комиссия бар, Ахат ақсақал­дың көзін көр­гендер, әркім әрқилы айтты. Шәкәрімді құр құдыққа тас­таға­нын көрген жалғыз адам – Кәрімқұлдың Қабы­шы. Қаптаған солдаттар «халық жауын» көметіндерің бар ма» деп ай­қайлапты. Ешкім шығып көмбейтінін білген Кәрімқұл ақсақал 12-13 жастағы баласы Қабышты «сен кішкентай баласың ғой, аналар не істейді екен, байқап кел» деп жіберіпті. Бірақ көрген-білгені туралы ешкімге тіс жармауын сұрайды. 1958 жылы әкесі ақталғанда Ахат елге келіп, әкесінің жатқан жерін таба алмайды. Ел-жұрт Қабышқа жіберіпті. Жалынып-жалпайып сұраған соң, көрсеткен екен.

Түйін
Қазақтың елім деп еңіреген ұлдарының бірі Шәкәрім еді. Ердің есті жүрегінен егіліп шыққан үнін өзге саяси қимылдың емеуріні деп ұққан сталиндік саясаттың құрығына ілінген азаматтың өлімі алдын ала жоспарланған болатын. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Жүсіпбектей халық қамын жеген серкелердің көзін құрту арқылы қазақты құрту басты мақсат болды. Атан жүгін көтерер кіл мық­ты­лардың да дәл сол уақытта көптеп тууын айтсаңызшы! Дәл қазіргі уақытта қазақтың маңдайына тағы бір сондай лекті Құдай берсе, дүниеде Қазақ елін ұлттық мүдде, діни таным, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағынан басып озатын ел болмас та еді ғой деген ой келеді. Ең әуелі Алладан ел қалау­лыларының, жалпы жұрттың пиғылы тек елге адалдықты көздесін деп тілейік. Сонда ғана қазақтың көші ілгері жылжитыны хақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста