«Шәкәрім» шындығы – театр сахнасында

«Шәкәрім» шындығы – театр сахнасында

30 қарашада қара шаңырақ М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ә.Рахимовтің «Шәкәрім» пьесасы сахналанбақ. Премьера тұсында қойылым режиссері Әубәкір Рахимовпен аз-кем әңгімелескен едік.

– Шәкәрімді жазуыңызға не себеп болды?
– Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған театрландырылған қойылымының сценарийін өзім жазып, өзім қойғанымда көрерменнің бұл тақы­рып­қа деген ерекше ықыласын көрдім. Содан кейін осы тақырыпқа пьеса жазуға ниеттендім. Қуғынға ұшыраған адам­дар­дың ішінде толық бағасын алмаған тұлғалардың бірі – Шәкәрім. Оның ақ­та­луы­на, насихатталуына кертартпа күштер­дің кедергі болғаны анық. Талай жылдар бойы насихатсыз қалып қойған Шәкә­рім­нің мұрасын, ойларын көркем тәсілмен көрерменге жеткізу мақсатында осы қойы­лым­ды дайындап жатырмын.
Шәкәрімге байланысты көптеген материалдарды, фактілерді зерттеуіме тура келді. Бұрын Абыралы көтерілісі туралы ешкім тіс жармаушы еді. Енді ол туралы да деректі құжаттар «Дарабоз» журналында жарық көрді. Міне, осындай фактілердің барлығы Шәкәрімнің обра­зының, Шәкәрімнің «халық жауы» ата­нуы­ның себептерін айқындап берді. Мұның салдарының қандай болғандығы бәрімізге мәлім. Шәкәрімдей озық ойлы ғұлама адам­ның көркем әдебиет пен сахна өнерін­де бейнесінің көрінбеуі бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә. Осылардың барлығы мені қатты толғандырғандықтан, «Шәкә­рім» немесе «Мен жау болсам» пьесасы дүниеге келді.
– Кейіпкерлеріңізді қайдан алды­ңыз?
– Пьесадағы кейіпкерлердің көбі – тарихи адамдар. Олар туралы айтылып та, кітап болып басылып та шыққан деректерге сүйендім. Сахнаға лайықтысы өз алдына, алғаш жазғандар конфликтіден гөрі суреттеп баяндауды мақсат етеді. Бұл әдебиеттің басқа жанрларына керек. Ал сахна – әрекет орны. Соған байланысты бәрін қайта өңдеп, қақтығысты күшейтіп, шиеленістіру үшін көптеген көріністерді қайта жазуға, кейбір көріністердегі сөздерді, баяндауларды қысқартып, драмалық әрекетке айналдыруға тура келеді. Жалпы, кез келген режиссер өзі пьеса жазбағанымен, тамаша редактор болуы шарт. Сахнаға нақты мәтін, нақты да астарлы сөз керек. Шәкәрімнің пор­трет­тік образынан гөрі бүгінгі ұрпаққа рухани образын жасау қымбат. Пьесада негізі билік пенен суреткердің арасындағы қақ­ты­ғыс, адамгершілік позициясын сақтап қалу туралы ойлар бейнеленеді. Өйткені жұрттың көбі өмірін ұзарту үшін азамат­ты­ғын құрбандыққа шалады. Сөйтіп, жеңіп алған өмірі келер ұрпақтың аяусыз айып­тауына душар болады. Мысалы: біздің еліміздегі тарихтың барлық кезеңінде жүргізілген геноцидтік саясаттың құр­бан­дарын көрсетіп берген тағы да өзімізбіз. Пьеса осы бір ащы да болса әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан келеңсіздікті әшке­релейді. Сондықтан біздің Алаш қай­рат­кер­лерінің, Абайдың, Шәкәрімнің ұлт үшін жан­таласып, басын бәйгеге тігулері бүгінгі есті ұрпақ үшін ойлануға, үлгі алуға тұра­тын патриоттық сезім деуге болады. Спек­такль­дегі айтылар ой осынысымен қым­бат.
– Әрине, Шәкәрімді сах­налау үлкен еңбекті, зерттеуді қажет етеді ғой. Өйткені ол – күрмеуі қиын кезеңді басынан кешірген күрделі тұлға. Жал­пы, бұл қойылым Шәкәрім бей­несін толық, жан-жақты ашып бере ала ма?
– Репрессияға ұшыраған асыл­да­ры­мыз­дың ішінде көп қиянат көргендердің бірі де осы – Шәкәрім. Ол 1958 жылы ақта­лып, 1961 жылы денесі құдықтан алынып, Жидебайға жерленді. Соның өзінде де Шәкәрімнің шығармаларын, көркемдік бей­несін шығаруға Қарасартов сияқ­тылар қарсы шықты. Мысалы: Абай пьесасында М.Әуезов Абай­ға рухани қарсылас ретінде Керім образын жасады. Жұрт Керімді Шәкәрім деп түсінді. Шәкә­рім деген теріс ұғым қалыптасты. Бұл драматургияға көркемдік қақтығыс ретінде керек болды, мұның Шәкәрімге ешқандай қатысы жоқ. Осы жағынан шығармамыздың жазылу себебі де сол. Шәкәрімнің соңғы жазған шығар­ма­ла­рының барлығы қолды болып кетті. Мыса­лы: «Абай» спектаклінде «Еңлік-Кебек» дастанын Айдар айтып жүреді. Пьесада Айдар – көркемдік бейне. Мұны біз Шәкә­рімге жасалған қиянат деп ұқпауымыз жөн. Драматургияда қақты­ғысты қабыл­дау үшін жасалған дүниелер. М.Әуезов мұның барлығын әдейі жасап отыр. Неге десеңіз, Шәкәрімнің «Еңлік-Кебегін», «Қалқаман-Мамырын» кім көрінгеннің талан-таражына түсіп, мол мұрасы қолды болып кетпес үшін Мұхаң спектакльге осыны енгізіп отыр. Бүгінгі спектаклімізде осы бір олқылықтардың орнын толтырып, ақиқатын айтуға тырыс­тық. Негізі спек­такльдің жанры – драма-диалог.
– Әңгімеңізге рақмет. Шығар­ма­шы­лық табыстар тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста