Шәкәрім жайлы тағы бір еңбек жарық көрді

Шәкәрім жайлы тағы бір еңбек жарық көрді

Алғаш Әлихан Бөкейханов іргетасын қалап, кейін Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллиндер қабырғасын қалаған шәкәрімтану ғылымы арада біраз қиындықтар болса да, бүгінде қайта жандануда. Шығыс шынары, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы ақталғалы бері оның шығармалары халқымен қайта қауышып қана қоймай, ғұлама жайлы талай ғылыми дүниелер жазылып жатыр. Таяуда соның тағы бірі, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент Жандос Мағазбекұлы Әубәкірдің «Шәкәрім Құдайбердіұлы. Библиографиялық көрсеткіш» атты еңбегі жарық көрді. 

Екі көлемді бөлімнен тұратын кітаптың бірінші бөлімінде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты барлық қазақ тіліндегі материалдар қамтылса, екіншісінде орыс тіліндегі еңбектер ұсынылмақ. Бір сөзбен айтқанда, библиографиялық еңбекте шәкәрімтанудың бүгінгі таңға дейінгі барлық жетістіктері, ғылыми нәтижелері хронологиялық желіде алфавиттік жүйеде қамтылған шәкәрімтануға қатысты жарық көрген барлық материалдар қамтылған. Атап айтқанда, Шәкәрім Құдайбердіұлының  қысқаша шығармашылық өмірбаяны,  кітаптары, өмірі мен шығармашылығы жайындағы материалдар, көркем шығармалардағы ақын бейнесі, Шәкәрім жайлы диссертациялар т.б. Сондықтан бұл еңбек Ш.Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеушілер мен әдебиеттанушыларға, магистранттар мен студенттерге, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына және тұлғаны терең тануға құштар жалпы қауымға таптырмас сый болары анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста