Сәкен Майғазиев “Бала сүйе алмай жүрген кезде әйелім тоқал әперем деп масқара қылды”
Майғазиев 15 жыл бала сүйе алмаған кезінде тоқал алу мәселесі туралы ойланғанын ашық айтты. Тіпті, күйеуінің ұрпағын ойлаған жары Динара бұл туралы өзі ұсыныс тастаған көрінеді.
“Бала сүйе алмай жүрген кезде әйелім тоқал әперем деп масқара қылды”, – дейді Сәкен ағынан жарылып.
“Кез келген адам көпбабалы болғысы келеді. Бірақ қазір бір-бірін дұрыс түсіне салатын заман емес. Отбасың қабылдаса да, қоғам қабылдай алмайтын заманда өмір сүріп жатырмыз. Бәйбішесі мен тоқалы жақсы түсінісіп жүрген шығар, олардың сыртынан ғайбаттап жатамыз. Екі әйел, үш әйел, төрт әйелді бір-біріне бойұсындырып жүрген атқамінерлерді көрген кезде қызығамын, тіпті қызғанамын. Біз демографияға қандай үлес қосып жатырмыз деп өзіме ренжимін.
Ол ер азаматтан гөрі әйелдің ақылдылығынан. Сен қанша жерден тепсе темір үзетін мықты азамат болса, әйел ақымақ болса бәрі гәп. Астыңдағы тұлпарың жақсы болса, бір – бақыт, алған жарың жақсы болса, мың бақыт дейді. Сол сияқты шариғат бойынша төрт әйел алса, төртеуі де жақсы түсінісіп жатса, ол әйелдің ақылдылығынан”, – дейді Майғазиев.