Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасованың видеосы көптің көңіліне күдік ұялатты
Соңғы кездері Сәкен мен Мәдина жиі бірге көзге түсіп жүр. Олардың арасындағы қарым-қатынасқа көпшіліктің де күмәнмен қарайтынын сезсе керек, Майғазиев бұл тақырыпқа қатысты алғаш рет шындығын ашып айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Сәкен мен Мәдинаның сауық-кештерде, концертте, тіпті көлікте бірге жүрген видеолары өте көп. Бала-шағасы бар еркек пен тұрмыстағы әйелдің оңашадағы бұл қылығын жұрт ылғи сынға алатын.
Күні кеше Майғазиев өзінің жеке парақшасына Сәдуақасовамен жүрген тағы бір видеосын жариялады. Тойда түскен әлгі бейнежазбада екеуі бір-бірінің құлағына сыбырлап, жымиған сәтті аңғаруға болады. Мұны байқаған Сәкеннің әйелі Динара бірден күйеуінің қасына келіп, екеуінің ортасына тұрып алады. Десек те, "Музарт" тобының әншісі Мәдина екеуінің не үшін бірге көзге түсетінін көпшілікке түсіндіріпті.
Мадикош қой, "құда болайық" деп қоймай жүр. Тағы да сол тақырып қой. Мадинаның математик ұлы менің қызыммен бір мектепте оқиды. "Қызы бардың назы бар" деп, мен көнбей жүрмін", — деді Сәкен Майғазиев.
instagram.com/saken_maigaziyev
Көп ұзамай дәл сол бейнероликтің астына Мәдина да жазба қалдырып, құдаласу тақырыбына қатысты өз пікірін білдірген.
Сакеш, Динара, құда-құдағи болсақ арман жоқ қой. Сендерде қыз Райана, бізде ұл Әнуар бар дегендей... Айта берейік әзірден бастап. Кім біледі, болып қалар, — деп жазды Мәдина Сәдуақасова.
Бірақ қос әріптестің бұл әңгімесіне көпшілік сене қоймаған. Олар әйелі бар ер адамның қасынан қалмайтын Сәдуақасованы сынап, кереғар пікірлер жазыпты.
"Осы Мәдина жырпылдап, әр еркекке жабысады да жүреді екен", "Қызыңызға емес, өзіңізге түсіп жүрген сияқты ғой", "Сүйісейін деп қалдыңыздар ғой", "Мәдина қызын емес, Сәкеннің өзін айналдырып жүр ғой. Өтірік майысып", — деп сынады желідегі жұрт.