Сәкен Майғазиев түрлі әңгімеден кейін Мәдинаға қатысты шындықты айтты
Соңғы уақытта әншілер Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуқасованың арасындағы қарым-қатынасқа көпшілік күмәнмен қарап жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Мұны сезген екі әнші де бұдан былай бір-бірімен алыстан сыйласуды жөн деп шешкен.
Әлеуметтік желіде бірге жиі көзге түсетін Сәкен мен Мәдинаны оқырмандары осы күнге дейін ылғи сынға алатын. Өйткені көпшілік отбасы бар еркек пен тұрмыстағы әйелдің арасындағы мұндай қарым-қатынасты түсіне алмай әлек. Дәл осындай қауесеттен кейін қос әріптес бір-біріне жақындауға қорқып қалғандарын айтады.
Санаулы сағат бұрын Майғазиев пен Сәдуақасова осы тақырыпқа қатысты жеке парақшасына бейнежазба жүктеген. Аталған видеода Сәкен мен Мәдина сахна сыртында тағы да кездесіп қалады. Бұл жолы екеуі әдеттегідей бір-бірін бас салып құшақтап, құшырлана сүйген жоқ. Керісінше алыстан амандық сұрасты.
Сәкен, мен сенен қорқамын. Сәкен екеуміз осылай алыстан сыйласайық деп шештік. Қалай былай? — деді Мәдина Сәдуақасова.
Қыз балалармен қашықтан араласайықшы. Мен де саған жақындауға қорқамын, — деді Сәкен Майғазиев.
Күні бүгінге дейін романтикалық видеоларымен желіні шулатқан екі әншінің бұл шешіміне оқырмандары түрлі пікір жазыпты.
"Дұрыс болыпты Мәдинаға. Өз күйеуін құшақтап тыныш жүрсін", "Тым артық кеткен сияқтысыңдар", "Неге жақындамайсыз? Яғни бірдеңелеріңіз бар", "Дұрыс болған екен. Әйтпесе, елдер деген қосып жатыр", — деп жазды оқырмандары.