Сәкен – ойынханада, Жамбыл – тойханада, ал, Абай – абақтыда...

Сәкен – ойынханада, Жамбыл – тойханада, ал, Абай – абақтыда...

Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның
көне ескерткіштері мен тарихи орындарынан танысудан
басталатыны мәлім

Озбекәлі Жәнібеков

Заманалар көшімен ай-күндерді жетегіне ілестіріп желмая желіспен жылдар жылжып келеді. Адамзат қоғамының ақыл ойын жаһандану жаулаған тұста, әйтеуір ата бабаларымыз бағзыдан армандаған Тәуелсіздік бар еншімізде. Сынаптай сырғыған уақыт талай қилы кезеңдерді бастан кешкізіп, қазақты өз қарашаңырағында түтінін түтетіп, рухани болмысын сақтап қалуды бұйыртқан екен. «Жаным – арымның садағасы» дейтін ен даланы еркін жайлаған еліміздің бастан кешпегені жоқ. Патша жарлығына қарсы 1916 жылғы көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, 1932 жылғы қаралы жыл, дүние жүзінде түркі тектес халықтар ішінде Осман түріктерінен кейінгі екінші орында тұрған қазақ голощекиндік геноцидтік қанды қырғынына айналған кез, 1937 жылғы сталиндік репрессияда ұлтымыздың 70 мыңға жуық сүт бетіндегі қаймақтарын ажал тырнағына іліктірген зұлматты жыл, Ұлы Отан соғысында от кешкен, із түзсіз елге оралмаған азаматтарымыздың саны қаншама? Одан кейінгі желтоқсан мен полигон құрбандары ше? «Аққа Құдай жақ» емес пе, осыншама азапты жылдардан көз ашпаған қазақтың еңсе тіктеп ес жиып, ел болып қалыптасуы ұлттың құдіретті күші болды. Біз - Тәуелсіздіктің түлектеріміз. «Мың өліп, мың тірілген» қазақпыз. Өткенге - салауат, келешекке - тағылым.
... Жылдардың тоғысында жаңа күннен жақсылық тілей отырып, ойың он тарам жолға түседі екен...
Әңгіме төркіні ескерткіштерден өрбімек.
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор дейміз. Бұл халқымыздың рухани тынысына тың серпін әкелер іс ретінде бағаланған. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен  мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырған болатын. Бұл бағдарламамен қазақ жұрты үшін аса бай мұрамызды алдымен өзімізге, содан соң өзгелерге таныту арқылы ұлт рухын ұлықтауда ерекше орын алатын сауапты да жауапты іс жалғасын тауып келеді.

Мәдениет бөлімінің берген мәліметі бойынша, қазіргі кезде Қапшағай қаласында 12, ауылдық округтерде 2 ескерткіш сақталған. Соның ішінде 7 ескерткіш мемлекет қорғауына алынса, 1 керткіш республикалық ескерткіш. Ескерткіштерді түпнұсқа қалпында сақтау маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1218 қаулысында көрсетілгендей 20 метрден кем болмайтын қорғау аймағымен қоршалуы тиіс, ал археология ескерткіші 50 метр болатын қорғау аймағымен қоршалуы тиіс деп көрсетілген. Міне, осы орайда биылғы жылы облыстық тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының тапсырмасына сәйкес, қаламызда мемлекет қорғауындағы 6 ескерткіштерге қорғау тақтайшалары қойылды. Олар: Шеңгелді ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған обелиск, Дінмұхамед Қонаев, Сәкен Сейфуллин, Жамбыл Жабаев, Шоқан Уәлиханов ескерткіштері.
Олай болса, көкейімнен кетпей қойған Қапшағайдағы үш ескерткіш бұл заманға сұрапыл сұрақ қойып тұрғандай. Олар: ұлтымыздың алып тұлғалары Сәкен, Жамбыл, Абай ескерткіштері.
Қапшағай қаласы биыл 44 жылдық мерейлі тойын өткізді. Бүгінде жаз жайнатып, көлі демалушылардың көңіл күйін көтерген, әлеуеті жақсарған, экономикалық өрісі өрге келе жатқан қалада білім мен спорт, өнер де өрлеуде. Халықтың дені қазір қазақтар. Көшіп келіп қоныстанушылар көп. Қала Лас Вегасқа айналар тұс. Құмар ойынның қызған мекені ойынхана қатары көбейіп келеді.
Ойға түрткі болған не нәрсе деп ойларсыз?
Осындай ойынхананың бірі қаланың сырты саналса да, Алматы-Талдықорған тасжолына орналасқан, әскери қалашыққа қарсы тұрған «Фламинго» ойынханасының алдында ұлтымыздың саңлағы Сәкен атамыз тұр мұңайып... Алмағайып заманда ұлтының келешегін ойлап, жанын пида еткен Сәкеннің ескерткіші ойынхананың алдында тұруы жаныңа батқанда, егемендіктің алдындағы еңіреген қазақтың есіл тағдыры көз алдыңа келеді. Көзі үйренгендердің көкейінде ештеңе жатпауы мүмкін, бірақ жаны тұман, ары ақшаға тәуелді түтінді түнгі қаланың құмарына айналған осынау жерде Сәкеннің әруағы мазасыз күй кешіп тұрғанын білер жан бар ма? Тар жол тайғақ кешкен Сәкен тағдыры күллі қазақтың тағдыры еді ғой... Күні кеше халқының арыстай ұлы ұлтты сақтап қалу жолында басын бәйгеге тікті. Ал, түкірігі жерге түспейтін талтаңбай байлардың, түгі қалмаса да, жанын сатуға даяр құмар ойынға тәуелділердің байлығы мен барын, баспанасын жалмап жатқан ойынхана мекені бүгіннің денеге дендеп кіріп батпандап шығатын дертіне айналып тұр.

Ал, екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші атамыздың атындағы көше бойында орналасқан тойхана алдында тұр. Осыдан бес алты жыл бұрын 500 орынды кинотеатр болатын. Қала әкімі С. Зеленскийдің тұсында кинотеатр жекеменшік қолға өтіп, ол жер түнгі клубқа айналған. Ол ол ма, бұл орын қасиетті орын тура мешіттің жанына орналасқандықтан, таңғы азанмен жарысқан ессіз музыка үні жаңғырған шуға ашуланған жамағат пен қала халқы әкімнің алдына бұл мәселені көсе көлденең тартып жүріп, түнгі клубты жапқызған болатын. Енді ол жер бүгінде тойхана. Түнгі клубқа қарағанда жөні түзулеу деп, әйтеуір өзіңді өзің жұбатып қоясың.
Мәселенің «көкесін түйе сойғанда көрерсің» демекші, айтпақшы қазақтың Абайы қайда? Бұл ескерткіш те орталық мешіттің жанына салынған. Бұрын бұл жерде шағын саябақ болған. Мешіт жамағатқа тарлық етеді деген соң, осыдан төрт жыл бұрын қала белсенділері мен тұрғындары бас көтеріп, саябақ орнын түгелдей бұзып, қоршап, орнына үлкен мешіт салмақшы болды. Тіпті алғашқы жиналған қаржыға іргетасын да қалады. Бірақ бүгінде аталмыш ғимараттың құрылысы тоқтап қалған. Ал, «бұл өмір абақты ғой саналыға» демекші, хакім Абайдың ескерткіші қоршау ішінде неге қалып қойды? Тіпті мешіт болған күннің өзінде ескерткіш басқа жерге орналастырылуы тиіс еді ғой.
Бұл ескерткіштердің бәрі қаланың отыз бес жылдығында орнатылған болатын. Айтпаса сөздің атасы өледі. Әзірге бұған ешкімнің басы ауырмайды. Жергілікті құзырлы орын бұл жайлы ойлап көрді ме екен? Кезінде 2006 жылға дейін қала әкімшілігінің алдында тұрған Ленин ескерткішін көріп таңқалған журналист Дархан Бейсенбекұлының «Күн көсемін ардақтаған қала» деген өткір мақаласы газет бетінде жарқ ете қалғанда, биліктегілер сөгіс алған болатын. Әкімшілік алдындағы шағын саябақта «көп жасаған» күн көсемі осылайша алынып тасталды. Ұлтын ұлықтайтын мемлекетте біз айтып отырған мәселеге ат үсті қарауға болмас. «Көрмес түйені де көрмес» болса, елдігімізге сын болар, ұлт мақтаныштарының алдындағы тағзым таразы басында тұрғанын ұмытпайық!..
Ал, келесі жылы Қапшағай қаласы 45 жылдық мерекесін атап өтпек.

Мақпал МЫСА,
ақын, Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі.

Қапшағай қаласы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста