Шәкір Абайша өлең жазған

Шәкір Абайша өлең жазған

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, жазушы, алаштанушы:

Шыңғыстаудың шежіре қарттары Қа­быш Кәрімқұлов, Жұмакүлбай Базарбаев, Шә­кір Әбенов айтатын Абайдың өлеңдері мен кітаптағы өлеңдердің арасында сөздік, образдық, ырғақтық айырмашылықтар бар. Енді оны қағазға түсіру мүмкін емес. Жұ­макүлбайдың аузынан «Абай айтты» деген үш-төрт ауыз сөз жазып алғам, ке­зінде «Білім және еңбекке» шыққан да бо­латын. Артынан қарасам, Абайдікі емес. Абай­ға лайықталып жазылған Шәкір қу­дың өлеңі екен. Шәкір: «Мен кезінде Абай сияқты өлең жаздым. Жұмакүлбай сияқты қуларға таратып жібердім. Артынан қа­ра­сам, Абайға түк қабыспайды екен. Оларды қойымды сойып шақырып, «енді сендер бұл өлеңді ұмытыңдар, бұл өлеңді жазған мына – мен» деп көздерінше отқа жақтым» дегені бар. Шалдар ақымақ қылғысы кел­се, осындай өлеңдерді айтып беретін. Ес­ті­гендер «Абайдың өлеңін таптым» деп жа­зып жүреміз. Абай жайлы мәліметтер жи­науға бірінші рет Абайға барғанымда, мені де солай мазақ қылып жіберген. Ар­тынан тіл табысқаннан кейін, Қабыш, Шәкір, Жұмакүлбай сынды шалдар «ойбай, Тұр­сын келді, бұған шындығымызды ай­та­мыз» дейтін болды. Абайдың жаңа өлеңін таптым дегендер болса, астарына үңілу керек. Егер Шәкір Әбеновтің бір сөзі бай­қа­лып қалар болса, ол Абайдікі емес. Бірақ Шәкір ол өлеңдерін «бір-екі-ақ адам айтып жүр, басқа тірі жан білмейді, оны өзім де ұмыттым. Абайша өлең жазбақ болдым. Бірақ Абай бола алмадым» деген еді. Қал­жың­ның үстіндегі жайлар кейде шындыққа айналып кетеді. 1975-77 жылдарға дейін Абай ауданына барып, аты аталған қарт­тар­дан Абай туралы естелік алғанда, жа­ңа­ғ­ыдай қалжыңдарға ұшырастым. Бұлай әзілдесуінің себебін сұрағанымда, «Абай тура­лы болмайтын сұрақтарды қойып, ма­за­ны алатын ақымақ зерттеуші, жур­на­лис­тер­ге ызамыз келеді» дейтін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста