Шалғайдағы театрларға назар аударылса...

Шалғайдағы театрларға назар аударылса...

Үшқоңырдың топырағында туып-өсіп, Кеңес заманында Мәскеуде білім алып, алғашқы адымын Арқалықта актерлықтан бастаған, бірақ кейін өз жолын режиссурадан тапқан қазақтың айтулы бір тұлғасы биыл 60 жасқа толып отыр. Осы жасына дейін еліміздің өнеріне сіңірген еңбегіне сай марапатталған талай сыйлықтарын айтпағанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Жанат Хаджиевтің мерейтойы бүгін сағат 16.00-де режиссердің өзі соңғы жылдары қызмет етіп келе жатқан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында аталып өтпек. Осы орайда біз режиссерді сұхбатқа тартқан едік.

– Ел ағасы атанарлық 60 жасқа келіпсіз, құтты болсын! Соның 40 жылдайын театрға арнап келесіз, алдымен өзіңізге, содан соң халыққа берген есебіңіз ретінде, бәлкім, бенефис беретін шығарсыз?

– 60 жасқа толғанымда, яғни осы жылдың мамыр айында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақ тоқтысын» қойдым, енді бұл жолы мерейтойда италиялық драматург Эдурде Де Филиппенің «Цилиндр» қойылымын ұсынбақпыз. Көңілді көтеретін комедия. Той болған соң трагедия не мелодрама қойып, халықты мұңайтпайық дедік.

– Осы тұста өзіңіздің о баста режиссураға қалай келгеніңізге аздап шегініс жасасақ...

– 1972 жылы Мәскеудегі жоғарғы театр училищесінен актер мамандығын алып шықтым. Алғаш өнер жолын Торғай облысының орталығы Арқалықтағы облыстық драма театрында актер болып бастадым. Торғай өзі сол кезде жаңадан құрылған облыс болатын, сондықтан бізге ол жерден тұңғыш театр іргесін қалау бақыты бұйырды. Сондағы қиын шақтарда өр тұлғалы Өзбекәлі Жәнібеков өнерге ұйытқы, театрға тірек бола білді. Көп ұзамай әскерге алып кетті, келген соң осы Алматыдағы бүгінде өзім қызмет ететін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрына режиссер қылып жұмысқа алды. Осы жолда режиссерлік шеберлігімен жұртшылықты мойындатқан Әзірбайжан Мәмбетовті ұстазым деп айтар едім. Үш жылдан кейін баяғы Арқалыққа бас режиссер етіп жіберді. Содан 10 жыл сол театрда жұмыс істедім. Облыстар бір-біріне біріктіріліп, қысқара бастаған шақта Торғай облысы жабылып, біздің барлығымызды Жезқазғанға жіберді. Ұлытау жеріне де тақыр жерден театр тудыруға тура келді. Соңында, міне, Алматыға табан тіредім.

– Бүгінде қазақ театрларының маусымашар қойылымына айналған классикалық туындымыз «Қыз Жібекті» алғаш сахналаған өзіңіз екенсіз. Қырық жылға жуық тәжірибеңізде бұдан бөлек «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты», «Қарагөз» сияқты кесек туындыларды қойыпсыз. Осылардың ішінде өзіңізге ең ыстық, ең жақыны қайсысы?

– «Қыз Жібекті» алғаш Арқалықта қойдық. Ол сәтті шығып, Асқар Тоқпанов ағамыз оны Алматыға алдырды. Ол кез 37-жылдың жаңғырығы іспетті Желтоқсан оқиғасының сызы кеппеген 87-жылдың тепкісі басталған тұсы еді, билік осынысы үшін Асекеңді қызметтен қудалап, партиядан шығарды. Қиын болды жағдай. Оған себеп – біз «Қыз-Жібекті» қойған күн 1986 жылдың 19 желтоқсаны болатын, Желтоқсанмен тұспа-тұс. Көрдіңіздер ме, классикалық туындымыздың өзін көрсету мұң болатын ол кезде. Тағы бір айтулы туынды Абылай ханның жастық шағын көрсететін «Тұрымтайдай ұл едің...» қойылымы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған театр фестивалінде Жезқазғанда бас жүлдеге ие болды. Бірақ осылардың ішінде өзіме ең ыстық тартатыным – М.Әуезовтің «Қарагөзі». 1997 жылы ұлы Мұқаңның 100 жылдығына орай сол Жезқазғанда «Қарагөзді» сахналадым. Неге екені белгісіз, соны сыншылар әбден сойды. «Аттың жалын неге туға ілдің?» деді ме, әйтеуір көп мін тақты. Бірақ сонда да сол әлі күнге сахналанып келеді. Өзіме қанша сынға ұшыраса да сол ыстық.

– Аға, сөз соңында қазіргі кездегі театр саласында өзіңізді мазалап жүрген өзекті мәселені айтсаңыз?

– Қандай басшылық болсын, әсіресе облыстық, аудандық, жалпы шалғайдағы театрларға ерекше назар аударса деймін. Себебі Алматыда театр әртістерінің жалақысы аз болса да, қосымша дубляж сынды жұмыстармен айналысып, тіпті тойға барып жан бағуына мүмкіндік бар. Ал облыстарда мүмкіндік шектеулі. Жалғыз айлық демей, бірақ солар өз істерін беріліп істейді. Мен оларды фанаттар дер едім, тіпті оларға сондай табандылықтары мен өнерге деген сүйіспеншіліктеріне арнап ескерткіш қояр едім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста