«Салтанат» салтанат құрмақ

«Салтанат» салтанат құрмақ

Көптеген шет мемлекеттерде табысты өнер көрсетіп жүрген Қазақтың мемлекеттік «Сал­та­нат» би ансамблі алдағы 3 нау­­рыз күні сағат 19.00-де Аста­надағы Конгресс-Холл са­райында 8 наурыз – Халық­ара­лық әйелдер күніне арнап үлкен мерекелік концерт ұсынбақ.
Концерт бағдарламасында ұлттық биі­мізбен қатар, әлем халықтарының танымал билері де орындалмақ. Бағдарламада сон­дай-ақ «Томирис» балетінен үзінді көр­сетіл­мек. Туындыны елімізге еңбек сіңірген қай­­раткер Гүлсәуле Орымбаева Болат Жан­­­дарбеков шығармасының желісі бойын­­­ша сахнаға дайындаған. Концерт бары­­сында белгілі әртістер мен фоль­к­лор­лық-этно­гра­фия­лық «Тұран» ансамблі де өнер көр­сет­пек.
«Салтанат» ансамблі Қазақ КСР Кеңес Министрлігінің қаулысымен 1955 жылдың 5 тамызында Қазақ КСР Мемлекеттік би ансамблі болып құрылған. Музыка, вокал мен хореография өнерін дамытудағы ора­сан еңбегі үшін және жоғары дәрежедегі орын­дау шеберлігі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының үкімімен 1967 жы­лы ансамбльге «Еңбек сіңірген» деген құр­мет­ті атақ берілді.1989 жылдың 20 ақпа­нын­­да Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Пре­зидиумының қаулысымен ҚазКСР ән жә­не би ансамблі ҚР Мемлекеттік «Сал­та­нат» би ансамблі болып қайта құрылды.
Еліміздегі беткеұстар өнер ошағының бірі саналатын «Салтанат» ансамблі – ұлт­тық хореография мәдениеті мен әлем хо­реографиясының бай мұрасын дәріптейтін та­лантты да білікті ұжым са­на­лады. Бүгінгі күні «Салтанат» ансам­блі­нің репертуарында 150-ден астам қазақ­тың төл билерімен қоса әлем халықтарының билері топ­тас­ты­рыл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста