Сан қырлы Мір Шайыр

Сан қырлы Мір Шайыр

Алдағы 25 қазан күні  сағат 16:00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде белгілі ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың  60 жасқа толуына арналған мерейтойлық салтанатты әдеби жыр кеші өтеді.


Көпшілік қауымға Мір Шайыр деген ат­пен жақсы таныс қаламгер 1952 жылы 19 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Маң­ғыс­тау ауданы, Шайыр ауылында туған. Әде­биетке мол біліммен келген салмақты шығармашылық иесі Ақтөбе теміржол учи­лищесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналис­тика факультетін тамамдаған. Бұдан соң Ал­маты Жоғары партия мектебін бітірген.
Баспасөз саласында еңбек етіп, Маң­ғыс­тау облыстық «Маңғыстау» газетінде бас редактордың орынбасары, кезінде аудан­дық, облыстық партия комитетте­рінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, «Маң­ғыс­тау мұнайгаз» мекемесінде ұзақ жыл­дар бөлім бастығы болып қызмет істеген.
Өлеңдері «Балауса», «Бес қоңырау», «Қар­лығаш», «Жетіген» ұжымдық жыр жи­нақ­тарында жарияланған. «Туған ел», «Уақыт астындағы тамырлар», «Өрт», «Өмір, саған есем бар!..» кітаптарының ав­то­ры. 2008 жылы «О, данышпан дүние» ат­ты үш томдығы жарық көрген. Қаламгер новеллалар, көркем және ғылыми публи­цис­тика жазумен үзбей шұғылданып, за­ман­дастар бейнесін, адам мәнін интеллек­туал­дық тұрғыдан ашуға ұмтылыс жасап, тарихи, этимологиялық, лингвистикалық мә­селелерді де қаузап жүр.
Саң қырлы өнер мен мамандықты мең­герген Мір Шайыр түрлі қызметтердің басы-қасында жүрсе де, әдебиет ауылы­нан алыстай алмады. Ақыры, 2006 жыл­дан «МаңғыстауМұнайГаздағы» қызметін қойып, кең көлемді, айтулы «О, Данышпан Дүние!..» роман-трилогиясын жазды. Ауқымды роман 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қарсаңынан осы күндерге дейінгі ширек ғасырды қамтиды.

Кеудемде өрт бар.
Егер мен
У ішсем қанып,
Сөнер ме?!
Дауылдар қуған алапат
Ойранын сап жүр денемде!

…Мұраттар бар-ды нық алда,
Жоқ еді жерім мұқалған.
Барады іштен кеулеп өрт
Күйініш-оттан тұтанған! –


деген отты өлең жолдарының иесі – қа­лам­гер Мір Шайырдың толымды шығар­ма­шылық еңбегі нәтижелерінің бірі ре­тін­де «Атамұра» баспа корпорация­сынан жа­рық көрген алты томдық таңдамалы шы­ғар­малар жинағын айрықша атауға бо­ла­­ды.
Көптомдықтың бірінші кітабында қа­лам­герлікті поэзиядан бастаған ақын­ның әр жылдарда жазылған өлеңдері, «Күн мен Жер», «Сутегі», «Шайыр» сынды хи­каят­тары, «Жарық жұлдыздар» дастаны, сон­дай-ақ Алматыдағы 1986 жылғы Жел­тоқсан көтерілісі жайындағы эпикалық сарынды «Қаһарлы махаббат» драмалық поэмасы орын алған. Ал екінші, үшінші, төртінші томдарда жазушының айтулы «О, Данышпан Дүние!..» роман-трилогиясы бе­ріл­ген. Алты томдықтың бесінші, алтын­шы томдарында бұрын «Уақыт астарын­дағы тамырлар», «Зия» және басқа кітап­тарда жарық көрген көркем очерктері, новеллалары, әралуан тақырыптағы зерт­теу мақалалары, сондай-ақ, әйгілі суы­рып­салма ақын Қашаған, зұлмат жылдар­да опат болған сөз зергері Закария Жұбан­ұлы, Қадыр Мырза-Әлі, Дүйсенбек Қанат­баев, Темірхан Медетбек сынды көрнекті ақындар шығармашылығы туралы өткен ғасырдың 80-90 жылдары жазылған ең­бектері бар. Қазіргі әдебиет мәселелері ха­қындағы толғамдар да осында. Алты том­дық әдебиет зерттеуші ғалым Құлбек Ер­гө­бектің ақын поэзиясы туралы пікірімен жә­не көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтың «Қар­лығаш» жинағындағы тұжырымы­мен, ал трилогияның алғашқы кітабы Қадыр Мырза-Әлінің «Халық тұншықты... Әрең-әрең күн шықты...» мақаласымен ашылған.
Шығармашылық жолда тынбай ізде­ніп, бірнеше әдеби жанрға қалам тер­беп жүрген Мір Шайыр аталған жетістік­теріне тоқмейілсімей, жаңа туындылар жазу үс­тінде.
Қаламгердің прозадағы елеулі еңбегі – «О, Данышпан Дүние!..» атты шығар­масы жөнінде кезінде қазақтың қадірлі ақыны Қадыр Мырза-Әлі:
«– О, Данышпан дү­ние!..» романы – нағыз жаңа заманның пер­зенті, мемлекет­ке, халыққа қажет шы­ғар­ма. Тақырып кең­ді­гімен, көтерілген мә­се­лелердің ұлт үшін де, адам баласы үшін де өзектілігімен, ха­лық өмірін толығырақ қамтыған мол құла­шымен, кейіпкерлердің бір оқығаннан жадыңда қалатын кескін-келбеттерімен, күйініш-тебіреністерімен бүгінгі күннің үлкен полотносы жасалып ке­леді. Осындай әдеби жаңалықтарға то­лы дәуірнамалық, алуан мінезді, көркем дүниенің біздің елімізде – Егемен Қазақ­станда өмірге кел­гені қуаныш. Қазақтың Жел­тоқсаннан бер­гі тарихы – осындай ро­манға әбден лайық тарих» деп тұшымды пікір айтқан болатын.
Мір Шайыр қаламгерлігімен қатар, азаматтығымен де ел руханиятына қызмет етіп жүрген жан. Ол 1985 жылы бүгінгі Қа­ра­ғия, Бейнеу аудандық «Түлеген түбек», «Рауан» газеттерін, 1990 жылдан «Маң­ғыс­тау» газетін шығаруға ұйытқы болды. Ал 1999 жылдан «МұнайИнформ» басы­лы­мының жарық көріп тұруына тікелей ұйытқы болған. Сондай-ақ, ежелгі Сыр­лытам қорымына археологиялық қазба­лар ұйымдастырып, «Адай амазонка­сы­ның», Сақ батырының қару-жарақты кес­кін-келбетін Ресей ғылыми орталарында қалпына келтіруге жетекшілік етті. Қаша­ған, Закария ақындардың атақтарын жаң­ғыртуға атсалысып, өмірі мен шығарма­шылығын зерттеді. Бүгінде 60-тың асқа­рына көтеріліп, еліне есеп беріп отырған азаматтың қаламына – шабыт, еңбегіне табыс тілейміз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста