Сән сайысы саланы өркендетуге сеп болмақ

Сән сайысы саланы өркендетуге сеп болмақ

Алақайлауға жарап тұрған жаңалық: жуырда Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі «Аспара» атты сән фестивалі болып өтті. Бұл өңірде бұрын-соңды болмаған керемет жаңалық болғаны сөзсіз. Елімізде кенжелеп дамып келе жатқан сән индустриясына қосар үлесі де қомақты болады деген үміт басым. Он саусағы фабрика дейтіндей небір хас шеберлер байқауда бағын сынады.
Оларға қойылған басты талап: туын­дыларын «Авангард» стилінде дайын­дап, аты аңызға айналған Айша-бибі сұлудың заманауи бейнесін жасау болды. Осы сән фестивалі арқылы сәнгерлер ұлттық нақыштағы элементтер мен заманауи сән үлгілерін ұштастыра білу қасиетін даралай білуі тиіс-тін. Қатысушылардың жұмыс­тарын Ресей, ҚХР, Испания, Шри-Лан­ка, Өз­бекстан және Қырғызстаннан келген ку­тюрьелер бағалады. Фестивальдің жүлделі сый­лықтарының қоры – 1,2 миллион тең­ге. Әу баста ұйымдастырушылар екі ба­ғыт­ты таңдап алған болатын. Яғни жас ди­зай­нер­­лер арасында: «Авангард» жаңа за­­манауи стильді ұлттық нақышпен көм­керу, екіншісі – күнделікті киетін яғни «Прет-а-порте» бағыты таңдалған бо­ла­тын. Байқауға қатысуға студенттер, жас ди­зайнерлер мен сән үйлерінен 100-ге жуық өтініш келіп түскен. Олардың ара­сы­нан 34 жоба іріктелініп алынды. Қа­тысуға ниет білдіргендердің басым бөлігі елі­міз­дегі барлық облыстардағы жо­ғар­ы оқу орындарында «Тоқыма және жеңіл өнер­кә­сіп» мамандығы бойынша білім алып жат­қандар. «Аспара» халық­ара­лық сән фес­тивалінің берері көп, әрине. Ең алды­мен,  түрен салынбаған тың жобалар мен ди­зайнерлік жаңалықтарға, бүгінгі сән са­ла­сындағы тенденцияларға ұлттық жаңа көз­қарас қалыптастыруға мүмкіндік бе­ретіні анық. Әрі сән  индустриясын да­мы­туға қосар үлесі де қомақты болары сөзсіз. Айтулы іс-шара өңірдің жеңіл өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді деген сенім мол.
Бүгінде Жамбыл облысында жеңіл өнер­кәсіп, тері былғары, тоқыма өнеркәсібі жақ­сы дамып келеді. «ПОШ-Тараз» «Та­раз­теріаяқкиім» өндірісі жолға қойылған. «ПОШ-Тараз» итальяндық әріптестерімен бі­ріге отырып тоқыма өндірісіндегі шикізат негізінде тоқыма жіп пен мата шығару өн­ді­рісін өркендетіп отыр. Өз кезегінде мұн­дай ауқымды іс шара­лар­дың өңірдің өнер­кә­сібіне пайдасы зор бо­лары анық. Сән фес­тиваліне әділтөрелік еткендердің ара­сында мүйізі қарағайдай ірі сән үйлерінің бас­қарушылары да бар. «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиев әділ­қазыларға төра­ға­лық етсе, оның мү­ше­лері  – философия ғы­лымының кан­ди­даты Гүлнәр Иб­рай­шина, СУАР тоқыма және киім ассоциация­сы­ның төрағасы Жан Тон Жи (Қытай), Studio T.Vorotnikova сән үйі­нің директоры Татьяна Воротникова, (Қыр­ғызстан), «СЫМБАТ» сән ака­де­мия­сының арт директоры Балнұр Асанова, «На­боко» шеберханасының дизайнері Ири­на Набоко болды. Сондай-ақ құрметті қо­нақ ретінде Қытайдан Чинг Фен, Ис­па­ния­дан Венука Ясасри Викрамараачи, Ре­сейден Сергей Воронин, Самарқаннан Елена Ладик, Ташкенттен Таисия Чурсина кел­ді. Әлемдік деңгейдегі мықты сән­гер­лердің сүзгісінен өту де оңай­ға соққан жоқ. Ине-жіптен жаңа шыққан әсем көйлектер дизайнерлердің талай жыл­ғы еңбегінің, төккен терінің туындысы деу­ге болады. Бірінен-бірі өтіп, жұтынып тұр­ған нағыз жүйріктерді анықтау қазылар ал­қасына да оңайға соққан жоқ. Шетел­діктердің аузы­ның суын ағызғаны біздің этнодизайн ба­ғы­тындағы көйлек-кө­ншектеріміз болды. «Шетелдік сән сайыстарына ұялмай-ақ ұсынатын нағыз шедевр», – деп баға берді майталман сәнгерлер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста