«Шаншар» үш күн бойы күлдiретiн болды
Бүгiн кешке Алматыдағы Республика сарайында «Шаншар» әзiл-сықақ театрының алғашқы концерттiк күнi басталады.
Әу баста 20-21 ақпанға жоспарланған әзiл-сықақ кешi халықтың сұрауымен үш күнге ұзартылып отыр. Әзiлсүйер қауымның сүйiктi театрына айналған «Шаншар» бүгiнгi қойылымдарын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнi қарсаңында барша аналарды құттықтауға арнап отыр. Кештiң алғашқы күнi Роза Рымбаева мен «МузАРТ» тобы дуэт орындамақ. «Ал тақырыптық жағынан айтар болсақ, соңғы уақытта өткiр мәселеге айналған төлқұжаттағы «ұлты» деген тармақшаны алып тастау, қазақ киносына шетелден актер шақыру секiлдi тақырыптар қойылымдарға негiз болды. Сондай-ақ пародия жанрында бiршама қойылымдарымыз бар. Театрдың құрамы өзгерген жоқ», – дейдi Уәлибек Әбдiрайымов.