Шашубай тойына шашу

Шашубай тойына шашу

Қошқарбай – әкем аты, Шашубаймын,
Үйде кедей болғанмен, түзде баймын.
Күніне мыңды беріп, жүзді алсам да,
Қалтамның түбі тесік, байымаймын – деп алаш баласының аспанында «Ақ қайың» әнін қалықтатқан, даланың дауылпаз ақыны, әнші-сазгер, дала циркін қалыптастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Шашубай Қошқарбайұлының 145 жылдық мерейтойы Шашубай ауылында айрықша аталып өтті.


Ақын тойын Қарағанды облысының, Ақтоғай өңірі ұйымшылдықпен ақ шаңқан киіз үйлерін тігіп, келген қонақтарды күтіп, жарқын қарсы алды. Тек иісі қазаққа емес, көршілес жатқан қырғыз еліне аты мәлім Шашубай ақынның тойы, ақынның өз есімімен аталатын ауылда өтуінде үлкен мән бар. Біріншіден, осы керегесі кең ауыл ақынның есімін асқақтатса, екіншіден, қарт жыраудың табанының ізі қалған жер. Арқаға сауын айтып, жақсы-жайсаңның басы құралған дүбірлі той Шашубай ауы­лының «Жеңіс» кинотеатрының алдында ұласты. Алдымен артына өлмес жыр қалдырған Шашубай ақынның ескерткішіне тағзым еткен көпшілік гүл шоқтарын қо­йып, дұға қылды. Бұдан соң тойдың шы­мыл­­дығы «Ақ қайың» әнімен түріліп, келгендердің жүрегін тебірентті. Бұл арада Ақтоғайдың өнерпаздары той тізгінін қолына алып, ән әуелетіп, дөңгелене би биледі. Тойдың ашылу салтанатында ал­ғаш­қы болып сөз алған Ақтоғай ауданының әкімі Ғабдірахман Омаров:
– Арқаның белі, Ақтоғайдың топырағы – елге – тұтқа, жерге – пана болған Ша­банбай би, Қараменде би, Жидебай, Сана би, Шашубай, Әсет, Нарманбет сынды абыз бабаларымызды дүниеге әкелген қасиетті жер. Тәуелсіздік үшін күрескен алаш арыстары Әлихан, Жақып, Әлімхан­дар­дың отаны, қазақ өнерін әлемге таныт­қан Күләш, Манарбек, Мағауиялардың мекені екенін айрықша атап өтті.

Тойдың ресми бөлімінен соң
«Жеңіс» клубында ақындар айтысы көптің делебесін қоздырды. Шашубай ақын жайлы шабыттана жырлаған ақын­дар жарасымды әзіл айтып, қоғамның кемшін тұстарын жыр арқауына айналды­рып, тыңдаушылардан дамылсыз қошемет тауып отырды. Айтыскерлердің сөз барым­таларының арасында алаш жұртына белгілі жезтаңдай әншілер де өз өнерлерін ортаға салды.
Осындай өткір тілді ақындардың айты­сында бас жүлде 150 мың теңге Мақсат Ахановқа бұйырды. Бірінші орын – 100 мың теңгені Тілеген Әділов, екінші орын – 75 мың теңгені Дидар Хамиев, үшінші орын 50 мың теңгені Ботагөз Мұхитдинқызы қанжығасына байлады. Өзге ақындар алғыс хат пен 20 мың теңге ынталандыру сыйлығына ие болды.
Бұдан соң жиналған жұрт күрес өнерін тамашалады. Күш сынасқан палуандар  Шашубай ақынның тойынан бос қайтпай, жүлде алып тарқасты.
Тойдың екінші күні өткен ғылыми-таным­дық конференцияда ақын, шашу­бай­танушы Жанболат Башарұлы баяндама жасап, Шашубай Қошқарбайұлының пайым-парасаты туралы сөз қозғап, өске­лең ұр­пақтың санасына ақынның тағы­лымын сіңіре беру керектігі жайлы ой-пікірлерін білдірді:
Кеңес өкіметі де Шашубай Қошқар­баев­тың шығармашылығын дер кезінде бағалап, оған 1941 жылы «Қазақ ССР-інің өнеріне еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атағы берілді.
1945 жылы «1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тұсындағы «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1949 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамота­сымен марапатталды. КСРО Жазу­шылар одағының мүшелігіне қабылдан­ды.
Өнер – халықтікі, халқы барда асыл өнер арымас, ұрпақтан-ұрпаққа жалғана бермек, – деп сөзін топшылаған баян­да­машы ақын жайлы ел естіп білмеген терең мәлімет берді. Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Серік Тұрғынбекұлы, Ақтоғай­дың құрметті азаматы, ақын Абзал Бөкен, ҚР мәдениет қайраткері Қайырбек Садуа­қасов, белгілі қаламгер журналист Қасым Орынбетов, өлкетанушы Күләш Сардар­бе­кова, Шашубайдың немересі Ғалия Тай­төлеуқызы сөз сөйлеп, жүрекжарды сөз­дерін жеткізді. Талай тағылымды жанға сіңірген конференция межесіне жеткен соң Шашубай ақынға ас беріліп, құран оқылды.

Бірауыз сөз
Рахманқұл БЕРДІБАЕВ:
«ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті мен өнерінің кең айдын тұңғиық тереңдігін, шырқау биігін бойлау үшін ерекше өлшемдер керек. Осы аталған дәуірде қазақ әдебиеті сан ғасырлық дамудағы классикалық белеске көтерілгені мәлім. Нақ осындай жағдайды музыка өнерінен де көреміз. Қазақ сахарасында сұлу әннің туын тіккен: Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жарылғапбердіден бастап, Шашубай, Кенен, Нартайлармен жалғасатын ұлылар шоғырын теңдесі жоқ көркемдік әлемі жаратты дей аламыз».

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста