Сатира саңлағы Оспанхан Әубәкіров 80 жасқа толды

Сатира саңлағы Оспанхан Әубәкіров 80 жасқа толды

Халқымыздың аяулы перзенті, қазақ стирасының классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері Оспанхан Әубәкіровтың туғынан биыл 80 жыл толып отыр. Осы орайда Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың қолдауымен Жамбыл облысында мерейтой иесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға жергілікті билік өкілдері, ақын-жазушылармен бірге «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтқан еді.
Әзілінің салмағы бар сатираның саңлағы Оспанхан Әубәкіров 1934 жылдың 4 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған. Мамандығы актер болса да, ол өзінің шығармашылығын сатирамен байланыстырды. Оспанхан Әубәкіров республикалық басылымдарда, «Ара» журналында қызмет етті. Ол сатиралық жанрмен бірге  баларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі компазитордың әндеріне мәтін жазумен және аудармамен де айналысқан. Оспанхан Әубәкіровке 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілген. Белгілі сатириктің отыздан астам шығармалары мен өлеңдер жинағы жарық көрді. Ол өзінің 52 жыл ғұмырында өшпес із, өлмес мұра қалдырды. Оспанхан ағаның қалдырған бай мұрасын шашау шығармай жинақтап, балаларын өсіріп жеткізген жары Нұрсұлу апа салтанатты кештің құрметті қонағы ретінде қатысты.
Оспанханын еске алған туған ел-жұрты кеш барысында оның «Өзің, сәулем, іздегенім», «Біздің ауыл атақты» (Сейділдә Шәріповтің әні), «Құдаша», «Кездейсоқ махаббат», «Мұңайма» (Әсет Бейсеуовтың әні), «Біздің ағай тамаша» т.б өлеңдері мен әндерін тыңдады. Әндерді «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілері орындады. Салтанатты жиынға жиылған қауым «Сұлутөр» мейрамханасында Оспанхан Әубәкіровке арналған астың дастарханынан дәм татты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста