Сахна

Сахна

Премьера!
«Даланың күйші Динасы»
Соңғы уақыттарда елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры қалың көрерменін тың дүниелермен жиі қуантып келеді.
Театр ұжымы бұл жолы да жаңа қойылым дайындау үстінде. Осы орайда алдағы 10 маусым күні  Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова­ның шығармашылығындағы «Даланың күйші Динасы» пьесасы сахналанып, қалың көрерменге ұсынылмақ. Қою­шы режиссері – Нұрлан Жұманиязов. Шығарма – халық композиторы, атақты күйші Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашы­лы­ғына  арналған. Өнердің ба­бын тапқан атақты күй­шілер, ұлы күйші Құрманғазы мен жасөспірім Дина арасындағы алғашқы таныстық, шығар­ма­шылық достықтары тура­лы жазылған пьесада күй құ­ді­ре­ті, өнер туындысының өмірге келу сәті, өнер адамы­ның жан дүниесі, күй тудыру­дағы күйзеліс пен шығарма шық­қан­дағы шабыт пен бақыттың буырқана астасқан асқақ се­зім­дері суреттеледі. Құрман­ғазыдай ағасының артынан еріп, өнер қуалау­дың Дина­дай қазақ қызына қиын соқса да, күй құдіреті қолдап, қа­сиет­ті қара дом­бы­рамен өмірін өрнектеуі мен өнегелі ғұмырын көрер­менге жеткізу – қойылымның басты мақсаты. «Даланың күйші Динасы» спектаклінде Құрманғазы бейнесін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Мейрам Қайсанов, Динаны Айнұр Жетпісбаева сомдайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста