Сахна –тірі картина, онда ештеңе қалғып-мүлгуге тиіс емес!

Сахна –тірі картина, онда ештеңе қалғып-мүлгуге тиіс емес!

Біз адамдар Айдың тек бір бетін ғана көреміз. Өмірде осы құбылысты заңдылық деп санап, басқасына бас қатырмайтындармен қатар, «осы Айдың ар жағында не бар екен?» деп, тым құрыса қиялмен көкке сапар шегетіндер де бар. Сол секілді біздің бір жақ бетін ғана көріп үйренген нәрсеміз – сахна. Біз оның дайын өнімін ғана тамашалап, сондағы көрінгендерді ғана бағалаумен шектелеміз көбіне. Алайда нағыз тіршілік, нағыз жанкешті әрекеттер, небір мамандар еңбегі сахнаның сыртында, көрінбей, бірақ аса маңызды қызмет атқарып тұрады. Ендеше, біз бір мезет сол қым-қиғаш әрекеттер мен қызу өмірдің ортасы, сахна сыртына үңілсек. Айдарымыздың алғашқы қонағы – М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы-суретшісі Ерлан Тұяқов. Ең алғаш сахнаға 2005 жылы М.Әуезовтің «Қарагөзімен» келген жас суретші содан бергі жеті жыл ішінде 15-тен аса туындылардың сахнасында өз қолтаңбасын танытып үлгерген.

– Таяуда ғана «Карменнің» тұсау­кесерінде Ахметжан Насыров сынды өнертанушы ғалым «сахна алғаш ашыл­ғанда, көрермен ең бірінші ак­тер­лерді емес, сахнаның сәнін көреді. Осы қойылымда мен суретшінің жұмысына тәнті бол­дым» деп сіздің жұмысыңызға кәсіби жоғары баға берді.  Негізі, сахна безендірушісі, яғни, қоюшы суретші ретінде арнайы маман­дандыра ма, әлде жалпы суретші­лік саладан адам өзі мамандана ма? Мысалы, сізді осы салаға не жетелеп әкелді?
 – Негізі, қандай да болсын өнер адам бойында бала жастан белгі бере бастайды. Мысалы, мен бұл салаға кездейсоқ келе салған адам емеспін, туа бітті осы ортада біте қайнасып келе жатырмын десем болғандай. Негізі, менен бұрын өнердің бұл саласына өзіндік сүрлеу жол салған – әкем Есенгелді.  Ес білгеннен мені өзімен бірге театрға ертіп әкеліп, сахнаның ма­ңын­да өсірген сол кісі. Жалғыз әкем ғана емес, анам да ықпал етті. Себебі әкем сах­на безендірсе, анам әртістердің костюмін сызатын, дизайнер болды. Демек, бояу исі маған бала кезден таныс.
– Бала боп алғаш ойнаған ойыншығыңыз суретші қылқала­мы болған шығар, сірә. Әйтсе де әкесі жазушы бола тұра, баласы қалам ұстамақ түгіл, қазақылық­тан алыс өсетіндер бар ғой. Ендеше бұл жерде бала да болса жеке  қызығушылық туған боп тұр ғой. Жалпы, өзіңізді сахна безен­діру өнері несімен тартып әкетті? Оның көп білмейтін қандай қырын көрдіңіз?
– Сахнаны мен тірі картина секілді көремін. Ондағы әрбір объект кәдімгі тірі адам, сондықтан сахнаның суреті де мүлгіп, қалғып тұруға тиіс емес. Маған сон­дай-ақ сахнаның тереңдігі ұнайды. Әсіресе қап-қараңғы сахнаны тек жарық­пен сан қилы етіп безендірген қандай керемет! Жалпы, сценограф сахнаның тұтас картинасы, киімі, тіпті афишасына де­йін жауап беретін адам ғой. Жұмысым­ның осындай жан-жақтылығы мені өзіне тарта түседі.  
– Қазір сіз жас та болсаңыз,  М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов секілді қарашаңырақ театрлардың соңғы кездердегі қоғамда жақсы резо­нанс туғызған қойылымдарының қоюшы-суретшісі болып үлгерді­ңіз. Оның ішінде «Қарагөз», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ромео-Джу­льетта» секілді классикалық дүние­лер бар. Тіпті таяуда ғана тұсауы кесілген Т.Теменовтің «Карменситасында» сахнаны сіз безендіріпсіз. Мұндай кесек дү­ние­­лерге кіріспес бұрын, «осы­­ған тісім батпай жүрмей ме?» деген қорқыныш болған жоқ па?
– Әрине, қандай да бір толқу, жүрексіну болары заңды ғой, бірақ оны қорқыныш демес ем. Ол – жауапкер­шілік. Ауыр екенін білсең де, соны мойныңа алсаң, біраз еңбек­тенуге, тер төгу­ге тура келеді, бірақ есесіне соңынан рахаты қандай керемет! Егер сондай биік туындыларға қол созып, соған ұмтылмасаң, өспей­сің, бір орында қала бере­сің. Не елге, не өзіңе пайда жоқ одан. Менің тырнақал­ды туындым – «Қа­ра­­гөз». 18 жасымда, студент болып жүріп, мен алғаш М.Әуезов атындағы драма театрында сол туындының сахналық безен­дірілуіне араластым. Режиссері Болат Ата­баев ағамыз еді. Менің осы өнер әлемінің есігінен енуіме жол ашып, сенім артқан ағамыз­ға ризалық білдіргім келеді. Себебі мен әлі студентпін, оның үстіне «Қарагөз» – өте тартысқа толы, күрделі туы­н­ды. Ол өз алдына, оның үстіне біздің кезімізге дейін бұл шығарма сонау кезден сан мәрте сахналанып, біршама сақа суретшілердің қолынан өткен. Осы жағы­нан келгенде де жұрт жаңа­ша қойылған «Қарагөзге» сын­мен қарай­ды. Маған да аздап қиындық туғызғаны сол, өзіме дейінгі суретшілерді қайталамау керек деген нәрсе. Ондай талапты ешкім емес, өзіме-өзім қойдым. Оның үстіне Болат ағамыз да жаңашыл­дық­ты, барынша шынайылықты қалайтын адам ғой. Ал бізде әдетте осындай клас­сикалық дүние­лерге келгенде қазақ десе, киіз үй тігіп, шапан кигізіп шыға келетін бір стереотип бар ғой. Маған содан қашу керек болды.
– Қазір өнер адамына шетелге шығу деген таңсық емес қой, өзге елдердің театрын тамашалап, олар­дың сахнасы мен біздің сах­на­ларды салыстырған шығар­сыз? Не айырмашылық байқады­ңыз?
–  Әр халықтың өз драматургиясы, сондай-ақ өзге жұрттың туындысын сахна­ласа да оған деген өзіндік көзқарасы бола­ды. Сондықтан салыстырмалы түрде ал­ған­да мен бізде бұл жағынан артта қалып қоюшылық бар, ана бір елдікі – алда, мына елдікі тіпті төмен дей алмас едім. Бірақ әрине жалпыға ортақ үрдіс болары заңды. Бүгінде әлем бойынша сахна безен­діруде ең бірінші кезекте минимализмге мән беріледі. Яғни, қандай тарихи дүние, қандай классика болсын, оны жаңаша әрлеп, заманауи келбетте көрсетуге деген ұмтылыс. Ал бірақ технологиялық жағы­нан, әрине Еуропа елдері қатты дамыған ғой, оны мойындау керек. 
– Сахнадан тыс өз жеке шығар­машылығыңыз да бар шығар?
– Әрине, мен жұмыстан тыс уақытта картиналар саламын. Арманым –болашақ­та жеке көрме қою. Өйткені мен тек сахна суретшілігімен шектелмей,  кәдімгі үлкен өнер­ге ден қойғым келеді. Ал театр сала­сындағы арманым – «Гамлеттің» сахнасын безендіру.

Қылқалам -қоржын
М.Әуезов театрында: «Қара­гөз», «Ромео-Джульетта», «Жү­рейік жүрек ауыртпай», «Қылмыс», «Империядағы кеш», «Тендерге түскен келін­шек»;
Ғ.Мүсірепов театрында: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Кармен»;
Неміс театрында «Тест».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста