Сазгер мұрасы жаңғырды

Сазгер мұрасы жаңғырды

Алматыда Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 85 жыл толуына арналған еске алу кеші салтанатпен атап өтілді.

Мұхамеджанов мұрасын жаңғыртуды қолға алып, талантқа тағзым ретінде үлкен кеш ұйымдастырған – Халық әртісі Тұяқберді Шәмелов жетекшілік ететін Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі.
Концертке жеке орындаушылардан есімдері елге белгілі еңбек сіңірген әртістер – Шахимардан Әбілов, Болат Бөкенов, Жұпар Ғабдуллина, Жанар Ермағамбетова мен Қуанышбек Мұқанғалиевтар қатысты.

Сыдық Мұхамеджанов 1924 жылы 5 қыркүйекте Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген.

Ол 67 жасқа қараған шағында, 1991 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Атақты композитор ұлт өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін 1967 жылы Қазақстанның Халық әртісі, 1974 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1990 жылы КСРО Халық әртісі атағын алды.

Ел-жұртын әуенмен тербеген Сыдық Мұхамеджанов Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүріп, Қазақ радиосында музыкалық редактор болды, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде жауапты қызмет атқарды. 1960-1961 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, 1964-1968 жылдары Қазақ филармониясының директоры, 1969-1972 жылдары Қазақтың Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры болды. Композитордың «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жастар маршы» және тағы басқа да көптеген әндер мен романстары ел ішінде кең тараған.

Бұған қоса, «Бекет», «Ақан сері – Ақтоқты» операларын, «Ғасырлар үні» ораториясын, «Дауыл» симфониясы және «Алдар көсе», «Ботакөз», «Рәбиға», «Беу, қыздар-ай», «Сәуле» қойылымдары мен «Ана мен бала», «Біз – Жетісуданбыз», «Партизан қызы» кинофильмдеріне арнайы музыка жазған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста