Сексендегі сергек ақын

Сексендегі сергек ақын

Қазақтың «бір өзі бір театр» атанып жүрген көрнекті ақын, сатирик ұлы Мыңбай Рәштің 80 жылдық мерейтойы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында аталып өтті. Сексеннің сеңгіріне шықса да, тастан-тасқа секірген ортекедей сахнада өзін еркін ұстап, тың қалпында жүрген ақсақалға жастардың қызыға қарағаны рас. Кеш сықақшы, жыршы, пародист Мыңбайдың өзінің жүргізуімен өтті.

80 жастық мерейтойын атамыз Ас­та­нада атап өткен екен. Ежелден әдеби орта са­налатын Алматыдағы қаламдас, әріптес дос­тары, туыстары қолқа салған соң, Ал­ма­ты халқына да әдемі бір кеш ұсынуды жөн көрген Мыңбай Рәш:
«Өмір деген – қандай қысқа,
                                       қас қағым,
Бұлаңдайды, бал дәуренім,
                                    жас шағым.
Ми таспама шежіре боп жазылған,
Бір ғасырдың тарихын бір бастайын»,
– деп 1954 жылғы тың игеру жылдарынан басталған тарих түймелерін ағыта отырып, халықты күлкіге батырды. Замандастары да Мыңбай ағаның әзілкештігін, қазақ зиялыларының дауыс ырғағы мен қимыл-қозғалысын дәл келтіретін ерекше талант иесі екендігін айтып жатты. Оған куә бол­дық. Мұхтар Әуезовтен сабақ алған шәкірті Мұ­хаң, Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқпанов, Қа­сым Аманжолов, Ғабит Мүсірепов, Ға­би­ден Мұстафин, Шәкен Айманов сынды бір­тауар азаматтармен бірге қызметтес бол­ғанын айтып, дауыстарын келтіріп бер­ді. Көзін көрмесек те, көрнекті әдебиет өкіл­дерінің өз дауысын «Алтын қордан» тыңдағандай әсер алдық. Көзкөргендердің риза болғаны соншалық – Мұқаңның, Сәбеңнің дауысын тура келтірді деп, таңдай қағып, таңғалысып жатты.


Серік ҚИРАБАЕВ, филология ғылымының докторы, профессор:
– Мыңбаймен соғыстан кейін кәрі КазПИ-дің қабырғасында табыстық. Студенттік карточкамен берілетін 500 гр қара нанды бөлісіп жедік. Кеудесі орденге толып келген солдаттар да, біз сияқты жұмыс істеп келген егде тарт­қандар да, Мыңбай сияқты мектепті жаңа ғана бітіріп келген жастар да болды. Бәрімізді табыстырған, бі­рік­тірген – білімге деген құмарлық. Содан көзі тірі – Мыңбай екеуміз. Денсаулығым да онша емес. Бірақ Мыңбайдың ке­ші­не келмеуіме ешқандай моральдық құ­қығым жоқ. Мыңбайдың өмірі жа­лықпай жұмыс істеуден тұрады. Ғабит Мүсіреповтен бастап үлкен ағалармен істесті. Сықақшылық өнері студент кезінен басталған. Домбыраны жақсы тартатын 16 жастағы кішкентай ба­ла­ның өнері мен талабы кішкентай емес еді.

80-ге келген сергек те көңілді қарияның әңгімесі мен домбырамен салған жыры, пародиясы театрға жиналған қауымды бір жасартып тастады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста