Семей әкімі халықтың алдында Бибігүл Төлегеноваға берген уәдесін әлі орындамапты

Семей әкімі халықтың алдында Бибігүл Төлегеноваға берген уәдесін әлі орындамапты

Семей қаласының әкімі Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға берген уәдәсін орындамай жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, HIT TV бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Өткен жылдың желтоқсан айында 90 жасқа толған өнер иесінің айтуылы мерейтойы мемлекет көлемінде аталып өткен еді. Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнімен кештің шымылдығын ашқан Бибігүл Ахметқызының концерті мемлекеттік Астана-опера және балет театрында өткен болатын. Кеш барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өнер иесінің туған жерінде аты аңызға айналған бұлбұлға арналып айрықша құрмет көрсетілетітін айтқан. Яғни, Семейдің қалалық мәдениет сарайына Бибігүл Төлегенованың есімі берілетінін жалпақ жұрттың алдында жариялаған. Әйтсе де, атқамінердің айтқан уәдесі сол күйінде іске аспай қалды.

 

Кеш барысында ХХ ғасырдың көрнекті 20 елінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген Бибігүл Төлегенованың есімін мәдениет сарайының маңдайшасына жазу қала тұрғындары үшін де үлкен маңызға ие екенін алға тартқан Ермак Сәлімов осы мақсатта дайындық жұмыстарының басталып кеткенін де жеткізген.

 

"Халықтың ықыласына мың да бір ризамын. Мені көтерген халық. Жасым 90-ға келсе де қазақтың бұлбұл әнші қызы атанып отырмын. Менен бақытты адам жоқ", - деп концертте ағынан жарылған Бибігүл Төлегенова да жерлестерінің тарапынан көрсетілгелі жатқан құрметке ерекше қуанған.

 

Өз кезегінде қатардағы шенеуніктердің бірі емес, білдей бір қала әкімінің өзі сөз берген соң, уәденің көп күттірмей орындалатынына күмәнсіз еді. Дегенмен, үміт ақмалмады. Мәселенің мән-жайын білу мақсатында белгілі кісілер Семей қаласы әкімінің идеология және әлеуметті сала бойынша орынбасарына шалған көрінеді. Нәтижесінде, "ономастикалық коммиссияның жауабын күтіп отырмыз" дегеннен басқа мардымды жауап болмаған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста