"Сен кеткелі ештеңе жоқ өзгерген..."

"Сен кеткелі ештеңе жоқ өзгерген..."

 Ертең досым сен елуге келер едің...
-Әй, Сқабылдың баласы, елуімді ел тойлап жатыр. Сен неге үнсізсің?-деп телефон шалар ма едің...
Қайдам? Бұл қазақ тірісінде кімді төбесіне көтеріп еді? Тіріні қойшы, өлгендердің де бұл дүниеде танысы болуы керек заман болып тұр. Саған бәрібір досым, білемін...Өзің айтып кеткенсің - "достар менің қабіріме келмеңдер, тірілерді танымайды өлгендер". Ал, тірілерге ұят-ты! Үнсізбіз. Атырау да, Алматы да, Астана да...
Өз сөзіңмен айтсам, "сен кеткелі ештеңе жоқ өзгерген". Сол баяғы өзіне қимай, өзгеге жем болып жүрген қазақ! "Муз-тв"-ға миллион шаштық,ал, хандықтың тойына қаржы таппай қиналып жатырмыз. Сені ойлауға мұршасы жоқ әкім- қараның! Өзің жақсы көрген Имақаң мен Бақтықожа ағаңа жете алмай қалдық қой! Өздері жоғары баға берген өр Табылдың елуінде есте қаларлықтай бір шара өткізуге олардың шамасы келмейді дегенге мен сенбеймін, Табыл дос! Анау орыстың Высоцкийiн де осындай азаматтар аспанға көтеріп, өлмес ескерткіш орнатты емес пе?
Әзірге, "сен кеткелі ештеңе жоқ өзгерген", досым! Тіріміз..."Сол Алматы, сол өзен..." Сағынғанда баяғы жастықтың ізі қалған жерлерді аралап қайтамыз. Кейде өзің түске енесің. Сол баяғы жымиған, Табыл...Қоңыр гитараңды күбірлетіп ән саласың , досым! Сосын...Қалай дәл тауып жазып кеткенсің ?
...Қызынып алып, оқисың өлең тік тұрып,
Мен үнсіз қалам қос жанарыма шық тұнып, 
Сонан соң, сосын. . . кетесің көзден ғайып боп, 
Жалғанның жалған екенін маған ұқтырып.
Елесің өшіп, " келесің қашан Тәкем " деп, 
Жоғалтып сені, бұрышты жалғыз мекендеп, 
Ернеуінен кеп сүйемін сосын бокалдың, 
Ерніңнің ыстық табы қалды ма екен деп. . .

Арман Сқабылұлы
Facebook-тегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста