"Сенің көзіңді" шығарған копмозитор Қанат Ибрагимовтің концерті Алматыда аншлагпен өтті

"Сенің көзіңді" шығарған копмозитор Қанат Ибрагимовтің концерті Алматыда аншлагпен өтті

Туындыларын танымал эстрада жұлдыздары орындап жүрген талантты композитор, әнші Қанат Ибрагимов 11 маусым күні Алматыдағы Студенттер сарайында «Сенің көзің...» атты жеке шығармашылық концертін өткізді. Бұл - қырық жастың қамалын бұзып отырған өнер иесінің тұңғыш кеші. Осыдан бірер жыл бұрын ол өзінің әнші ұлы – Ермек Балжігіттің концертін ұйымдастырған болатын.
Қазақ ән әлемінде өзіндік өрнекте қанат қағып келе жатқан өнер иесінің авторлық кешінде еліміздің мақтаулы әншілері Мақпал Жүнісова, Рамазан Стамғазиев, «МузАРТ» тобы, Нұрлан Албан, «Нұрмұқасан» тобы, Меломен, Тарту топтары, Асқар Жүнісбековтермен қатар Қанаттың ұлы - жас әнші Ермек Балжігіт те өнер көрсетті.
Автордың шоқтығы биік әндерінің арасында Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған «Сенің көзің» деп аталатын ән осыдан 13 жыл бұрын «Музарттың» алғашқы репертуарларына еніп, халық арасына кеңінен тарап, аталған топтың танылуына да осы шығарма үлкен септігін тигізді десек артық айтпаған болармыз. Бұл жөнінде Қанаттың қанаттас досы Мейрамбек Бесбаев та концерт барысында ерекше атап өткен болатын.
Осы орайда ел ішінде айтылып жүретін бір әзіл еске түседі:
-Қанатты білесің бе?
-Қай Қанат?
-«Сенің көзіңді шығарған» жігіт...
Бірқатар жаңа әндерінің тұсауы кесілген бұл концерттің телевизиялық нұсқасы алдағы уақытта «қазақстан» ұлттық телеарнасынан қалың көрермен назарына ұсынылмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста