«Шертер» жаңа шеберханасын ашты

«Шертер» жаңа шеберханасын ашты

Еліміз Тәуелсіздік алған соң ұлттық құндылықтарға бірден ден қойған азаматтар болды. Солардың алдыңғы сапында белгілі өнер зерттеушісі, ұстаз Сапарбек Әліұлы Ділманов та бар еді. Ол 1991 жылы ашқан «Шертер» шеберлер орталығы ұлттық аспаптар жасаумен айналысты. Оларға кеңес дәуірінде-ақ қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеп, ұмыт қалғандарын қайта жаңғыртқан этнограф Болат Сарыбаев кеңесшілік жасады. Сапарбек Әліұлы өзінің шебер інілері Бақытжан мен Мейірбекті қасына алып, домбыра, қобыздан бастап, шертпелі, ыспалы, үрмелі аспаптарды бірінен кейін бірін жаңғыртып жасай берді. Қатарларына қолы епті жастарды тартып, шәкірт тәрбиелеуді де ұмытқан жоқ. Ең бастысы, жасаған аспаптарының сапалы болуын қадағалады. Еңбектері ақталып, тұтынушылары жыл сайын көбейе берді.
Сапарбек Әліұлы бұл кәсіпорынды нағыз қиын уақыттары басқарып, өмірінің со­ңында асыл өнерді дамытуды бауыр­ларына аманаттап кеткен-ді. Аға аманаты­на адал шеберлер «Шертерді» одан бері де белестен белеске көтерді. Қазіргі таңда бұл шеберлер орталығы көпжылдық тәжірибенің арқасында әлемдік және кәсіби мамандардың талаптарына сай 50-ден астам саз аспабын шығарады.  Атап айтқанда, шертпелі саз аспаптардан:  (дом­быра, бас домбыра, шертер, жетіген, адырна), ыспалы саз аспаптардан: (нар қобыз, қыл қобыз, прима қобыз, ыспалы контрабас), ұрмалы саз аспаптардан: (дауылпаз, кепшік, даңғыра, тай-тұяқ, асатаяқ, сақпан, зырылдауық, сылдырмақ, дабыл) және үрмелі (сазсырнай, шаң­қобыз, сыбызғы, қамыс сырнай, қурай) саз аспаптарын жасайды. Көптеген шетел­дік компаниялар мен отандық кәсіпорын­дар және өнер ұжымдары арасында бұл өнімдерге сұраныс өте жоғары.  «Шертер» кәсіпорны – егемен елімізбен бірге тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын. Тәуелсіздік алғалы бері бүкіл Қазақстанға және алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз ара­сында танылып, олардың тапсырыста­рын орындап, көпшілік көңілінен шығуда.  «Шер­тер» кәсіпорнының шығарып жатқан өнімдеріне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қызығушылық танытты. 1998 жылы Астана қаласының ашылу салтанаты мерекесінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы аралап жүріп, домбыраның күмбірлеген үні мен бүгінгі дүниежүзілік стандарттарға сай жасалған сапасына риза болып, өзі таңдап екі домбыра сатып алған еді. 
Мемлекеттік тапсырыс бойынша айына 1000-1500 дана саз аспаптарын жасауға мүмкіндігі бар бұл кәсіпорын қазіргі уақыт­та айына 500-600 дана әртүрлі саз аспап­тарын жасап шығарады. «Шертер» кәсіп­орны­ның шеберлері домбыра, қобыз, шертер және т.б. аспаптарды қазіргі заман­ның талабына сай төмен бағамен, сапалы түрде жасап келеді. Оларды көбінесе қазақ жеріндегі экологиялық таза ағаштардан, мал терісінен, жылқының қылы, тұяғы, сүйектері және т.б. материал­дардан жасайды.
«Шертер» кәсіпорны Алматы қаласын­дағы балабақшалардың саз аспапқа деген сұраныстарын  қамтамасыз етіп келеді. Кә­сіпорынның негізгі тұтыну­шылары Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткерлері: Алтынбек Қоразбаев, Шәміл Әбілтаев, Айгүл Үлкенбаева, Әлмырза Ноғайбаев, Алмас Алматов және т.б. Сонымен қатар Құр­манғазы атындағы Ұлттық консерва­тория, «Отырар сазы» оркестрі, «Гүлдер» ансамблі, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, саз мектептері және басқа да өнер ұжымдары.  Қазіргі кезде өзінің өнімдерін сапалы шығарып, алыс-жақын шетелдерге аты таныла баста­ған «Шертер» фирмасының басы-қасында Сапарбек Әліұлының інілері Бақытжан мен Мейірбек Ділмановтар жүр. Олар ұстаз-аға еңбегін лайықты жалғастырып, ел алғысын арқалап келеді.  Соның нақты бір дәлелі жақында Алматы қаласындағы Қайрат ауылында «Шертердің» жаңа шеберханасының ашылу салтанаты болды. Кәсіпорын бұған дейін 20 адамды жұмыс­пен тұрақты қамтып келді. Ал енді үлкейіп, жаңарған шеберханада 50 адамға дейін жұмысқа тартылмақ. Сондай-ақ бұл шебер­хана өзінің мұражайын, аспаптарды ғылыми-зерттеу кабинеттерін ашуды да жоспарлап отыр.
Шеберлер орталығы жаңа ғимараты­ның ашылуына ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР мәдениет қайрат­кері, дәулескер күйші Шәміл Әбілтаев секілді өнердің аға буын өкілдері мен жоға­рыда аталған өнер ұжымдары қаты­сып, «Шертер» шеберлері өнімдерінің сапа­сы­ның жоғары екенін айтып, ризашы­лық­тарын білдірді.

Мерей
Шертерліктер 2002 жылы Женева­да өткен дүниежүзілік «Алтын жұл­дыз» сапа белгісін, 2004 жылы Ал­маты қаласы әкімдігінің «2004 жылғы Ал­маты қаласының ең үздік кәсіп­кері», 2006 жылы «Алматинский бренд-2006» көрмесінің дипломын алса, Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның «Ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» атты алғыс хатымен марапатталды.  2008 жылы қазақ ұлттық саз аспабы – дом­быра жасау шеберлерінің арасында өткен «Үкілі домбыра» VII республика­лық байқау-бәйгесінің жүлдегері. Бірнеше жыл қатарынан «Алтын сапа» өңірлік көрме байқауының «Ха­лыққа арналған үздік тауарлар» аталымын жеңіп алып және «Алтын сапа» республикалық көрме кон­кур­сы­на белсене қатысқаны үшін алғыс­хат­пен марапатталды.   2012 жылы «Ортеке – 2012» ІІ дәстүрлі қуыр­шақ өнерінің Халықаралық  орте­ке жасау­шы шеберлер арасында өт­кен фести­валь­да ІІ дәрежелі дип­лом­мен мара­пат­талды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста