Сержанәлі ӘЛІБЕК, әнші, сазгер: Басқалардан діни, иманды әндерді айтумен ерекшеленемін

Сержанәлі ӘЛІБЕК, әнші, сазгер: Басқалардан діни, иманды әндерді айтумен ерекшеленемін

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, сезімге толы әндерімен тыңдарман жүрегіне жол тауып жүрген әнші алғаш сахнаға «Ғашық жүрек» әнімен шықты. «Моншақтым», «Сағынтпа мені», «Көрмесем болмас» және бірқатар діни әндерімен тыңдармандар жүрегін жаулап алған Сержанәлі Әлібек былтырғы жылы сахнада жүруіне бес жыл толуына орай Алматы қаласында есеп беру концертін өткізген болатын. Осыған байланыс «Алаш айнасы» газетінің тілшісі үлкен сахнада жүргеніне биыл алты жыл толған өнерпазбен сұқбатқа тартқан еді.

– Жеке шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?
–Мен үшін 2013 жыл ерекше болды. Көптен армандаған жеке шығармашылық кешімді 29-қарашада Республика сарайында өткіздім. Кеш «Моншақтым» деп аталды. Сахна өте жоғары дәрежеде безендірілді. Әндер музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалды. Лирикалық, классикалық, діни жеке әндеріммен қатар, қонақта болған әншілермен дуэт боп жазған әндер де шырқалды.
–Халықтың көңілінен шықты деп ойлайсыз ба?
–Кештің халықтың көңілінен шықпауы мүмкін емес. Өйткені барлық күш жігерімді, қайратымды, күнімді-түнімді осы кешке арнадым. Халық залға лық толды. Шүкір.
–Қазір репертуарыңызда көбіне діни әндер... Тыңдармандарыңыз қалай қабылдап жатыр?
–Репертуарымда тек діни әндер емес, барлық жанрдағы әндер бар. Бірақ діни әндерге елдің ықыласы тіптен ерекше.
–Осы жанрда ән орындауыңызға не түрткі болды?
–Стамбулда Қожа Ахмет Яссауи медресесінде оқыдым. Сол студенттік кездерде діни тақырыпта әндерді көп орындадым. Өзіме ұнайды, жаным да рахат табады ондай әндер орындағанда.
–Жақында телеарналардың бірінде «Кім едің?» әнінің сөзі сынға ұшырады. Әнді таңдағанда сөзіне мән бересіз бе?
–Иә, сынға ұшырағанын естідім. Бірақ соны сынап отырған адамның өзі сондай керемет сөз жаза алады ма екен? Қазақта «біткен іске, сыншы көп» деген сөз бар.
–Өнер саласына жаңалық әкелдім деп ойлайсыз ба?
–Аса бір жаңалық әкелдім деп ойламаймын. Бірақ діни, имандылық әндеріммен ерекшеленетін шығармын мүмкін...
–Қазіргі қазақ эстрадасындағы әншілер бір-біріне қатты ұқсайды. Әндері жылаңқы деген пікірлер бар халық арасында. Осы тұрғыда қандай ой айта аласыз? Сіздің ерекшелігіңіз қандай?
–Жылаңқы деп айтуға келіспеймін. Өйткені қазақтың мінезі сондай. Біздің менталитет ашық-шашық, қыбыр-жыбырға келмейді. Халық та ұната бермейді ондайды. Сондықтан болар біздің әншілерде байсалды, мағыналы әндер көп. Өзіме келсем, өмірде қандаймын, сахнада да өзімді солай ұстаймын. Ешқандай ерекшелік жоқ.
–ХХІ ғасырдың өнерінде сіз мойындайтын тұлға?
–Қазіргі ғасырда мен мойындайтын өнер адамы – Мақпал Жүнісова. Өнерге нағыз берілген талантты адам.
–Мақпал, Роза апайларымыздың, Ескендір, Нұрғали ағаларымыздың әндерін барша қазақ елі, тіпті шетелдерде де тыңдайды. Әндері мәңгілік ел есінде. Сіздің әндеріңіз өміршең болады деп ойлайсыз ба?
–Бұл кісілер шынында өнерге еңбегі сіңген жандар ғой. Алла бұйыртса осы аға-апалардың жолдарын берсін дейміз.
–Қоғамдағы сізді ойландыратын маңызды мәселе қандай?
–Қазіргі кезде мені қатты ойландыратын мәселе – адамдар арасындағы бауырмалдық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттердің азайып бара жатқандығы. Қазақилығымызды жоғалтпауға тырыссақ екен.
–Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз...
–Алдағы жоспарым – облыстарда жеке шығармашылық кештерімді аман-есен абыроймен өткізіп алу. Жаңа әндер жазылып жатыр. Жаңа альбом, бұйыртса, жақын күндері тыңдарман қолына тиіп қалар.
– Сұқбат бергеніңіз үшін алғысым шексіз..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста