Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

ЖАҚЫНЫҢ ҮШІН ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҒАСЫНАН АЛМА
(Төле шешен айтқан сөз)
Шақшақұлы Жәнібек батыр Төле биге: «Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат – бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса – жазулы тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса – ерттеулі тұрған атың деуші еді, ақыл сұрайын деп келдім», – дейді.
– Сонда Төле шешен:
Менен ақыл сұрасаң
Өгізді ер салма,
Қанатың талар.
Наданға көзіңді салма,
Сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа,
Сенімің кетер,
Дұшпаныңа шыныңды айтпа,
Түбіңе жетер.
Жал-құйрығы қалың деп
Жабыдан айғыр салма,
Жаугершілік болғанда,
Жағдайлап мінер ат тумас,
Жақының үшін
Жақсының жағасынан алма,
Жерің тарылар.
Ит жүгіртіп, құс салсаң
Әуейі боларсың.
Әйел алсаң,
Көріктіні алма, тектіні ал.
Мақтаншақ жігіт жисаң,
Жөніңнен шығарсың.
Ұрыншақ ат жаз жарға,
Қыс қарға жығар.
Тұмау түбі құрт болар,
Тұман түбі жұт болар,
Ақылдың түбі құт болар.
Қарап отырғанша
Бір нәрсеге жарап отыр,
Кәсіп болмай нәсіп болмас
Қабырғадан қар жауса
Атан менен нарға күш,
Ел шетіне жау келсе
Қабырғалы биге күш
Менің ақылым осы, – депті.

ТОҚСАН ҚАРТТЫҢ ЖАППАСҚА АЙТҚАН КӨҢІЛІ
Жаппас деген адамның ер жетіп келе жатқан жалғыз баласы қайтып, ата-ана, туған-туыстары қатты қайғырыпты. Жаппас көп күн басын көтермей жатып алыпты. Сонда Жаппасқа көңіл айтып жұбатуға Тоқсан қарт келген екен.
Тоқсанның Жаппасқа айтқан көңілі:
        – Ей, мырза, көтер беліңді, жылатпа еліңді.
        Қас нардың қабырғадан қолы сөгілсе де елемес,
        Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.
        Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды.
        Сонда Жаппас басын көтеріп отырып әңгіме арасында: – Бұл қайғым қайтсем қалады? – депті.
        Сонда Тоқсан:
       – Ей, мырзам, бұл қайғың
        Келелі бидің кеңесіне қалады.
        Биік таудың төбесіне қалады,
        Өзен судың көбесінде қалады,
        Қыран құстың қияғында қалады,
        Жүйрік аттың тұяғында қалады,
        Ұлы дүбір ойында қалады.
        Сұлу жардың қойнында қалады,
        Осы айтқанды істемесең,
        Өле-өлгенше өзіңнің мойныңда қалады, – депті.

alashainasy.kz/culture/48746/
alashainasy.kz/culture/48768/
alashainasy.kz/culture/48861/
alashainasy.kz/culture/48905/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста