Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

СӨЗ АНАСЫ НЕ?!
Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: “Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі”, – деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешені:
– Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не? – деп сұрайды.
Сырым батыр:
– Сөз анасы – құлақ,
Су анасы – бұлақ,
Жол анасы – тұяқ! – деп жауап береді.
Үргеніш шешені:
– Дау мұраты не?
Сауда мұраты не?
Қыз мұраты не?
Жол мұраты не? – дейді.
Сырым батыр:
– Дау мұраты – біту,
Сауда мұраты – ұту.
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты жету, – дейді.
Үргеніш шешені:
– Намазда жан- жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? – деп сұрайды.          – Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? – дейді.
Үргеніш шешені:
– Сізді екі аяқты, бір адам баласы жеңді ме? – дейді.
Сырым батыр.
– Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді, – дейді.

ОТЫН ОЛЖА, СУ НҰРЛЫҚ
Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның аулының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
– Үй ішінің кемдiгі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?! – дейді.
– Тақсыр, даланың отыны олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық, - деп жөніне жүре береді.

МІНЕЗІҢ АУЫР БОЛСЫН
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:
– Менің сізге келген жұмысым – біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, ақыл сұрайын деп келдім, – дейді.
Сонда Бөкен: “Саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің?- деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың алпысқа жетпесін, – дейді.
Батасын бергеннен кейін: “Мен недесем де бәрінің мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айырып бер”, – дейді Бөкен қарт. Сонда Сырым:
– Арқан көп мінгеннен жауыр болсын дегенің – халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл, – дегенің. Мінезің қара жердей ауыр болсын дегенің – беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің. Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын дегенің – не болса соған өкпелеп, инені жіпке тізіп өкпешіл болма – дегенің. Құлағыңнан сыбыр кетпесін дегенің – ел арасында дау-жанжал көп кездеседі, сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс төресін бере біл – дегенің. Жасың алпысқа жетпесін деген батаңызға мен түсіне алмадым, – депті.
Сонда Бөкен қарт Сырымға ақырған екен:
– Мен сенен құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел. Менің жасым сексен төртке келді. Алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Ол мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сия алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік жеңді, – міне, алты бәле деген осы. Бұған қалай түсіндің? – дейді.
Сонда Сырым батыр:
– Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз, адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады. Кіші үйге сия алмадым дегеніңіз өзінен жасы кіші адамдардың үйіне жасы үлкен адам адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегеніңіз өзіңнен туған кей бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкені дұрыс баға білмейді. Бір сөз айтсаң бетіңді қайырып тастайды. Қара шашты шешем дегеніңіз сол баланың әйелі, келінің. “Осы шалға не керек екен, берген асты ішіп жата бермей”, – дейтін шығар. Сырымға қарап Бөкен басын шерткен екен.
Сырым оған аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы жолдастары: “Бөкең саған неге шертті, оған сен аузыңды ашып, тіліңді шығардың, ол не сөз?” – дейді. Сонда Сырым: “Ол кісі маған басын шерткені – басқа бәле қайдан келеді”, – деген жұмбағы еді; менің оған тілімді көрсеткенім: “Басқа бәле қызыл тілден келеді дегенім”, – депті.

alashainasy.kz/culture/48746/
alashainasy.kz/culture/48768/
alashainasy.kz/culture/48861/
alashainasy.kz/culture/48905/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста