Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Қаблиса (Қабан) жырау (1733-1824) қазақ халқы ата жауы жоңғардың үсті-үстіне жасаған аяусыз шапқыншылығынан енді-енді бас көтерген кезінде дүниеге келіпті, ол жастайынан ел-жұртына өнегелі жыр төккен, есейе келе көрнекті жырларын даналық ойлармен өрнектеген. Жырау жырларындағы тарихи таным мен халықтың хал-жағдайына жасаған терең талдаулар, жеке адамның өміріне байланысты оның толыққанды өмір сүріп бақытқа жетуіне негіз болатын себептерді жан-жақты ашып көрсетуі ақынның интелектуальдық деңгейін сипаттайды. Қаблисаның өзіндік дәстүрлі мектебі болған, оны Сүйінбай, Бақтыбай, Сарыбай, Есенгелді, Мәулімбай, Қалқа, Кенен секілді ақ иық ақьндар ұстаз тұтқан.
Қаблиса ақындығымен қатар сөз бастаған шешен, ел басқарған басшы, қол ерткен батыр да болған. Қаблиса жырау бабамыздың жүрегінен шыққан мына төмендегі алмас қылыштай  өлең шумақтары да бұған бұлтартпас дәлел болады:

БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ?

- Бақыт қайдан келесің?
- Берекесіз адамнан,
Ата-анасы наданнан
Үркіп қашып келемін.

- Бақыт қайдан келесің?
- Мақтанып көңілін өсірген,
Білгішпін деп есірген,
Есірік ұлдан келемін.

- Бақыт қайдан келесің?
- Сүйектен сөзін өткізген,
Миына шатақ еккізген,
Кесапат қыздан келемін.

- Бақыт қайдан келесің?
- Ата-анаға жақпаған,
Өтірік, бәле жаттаған,
Келіннен қашып келемін.

- Бақыт қайдан келесің?
- Ораза, намаз оқымас,
Алланың атын тоқымас,
Бейнамаздан келемін.

- Бақыт қайдан келесің?
- Еріне тілін тигізген,
Тозаққа өзін күйгізген,
Биапар жаннан келемін.

- Бақыт қайдан келесің?
- Сыйламаған көршісін,
Ұрыспен алған еншісін,
Сұмдардан қашып келемін.

БАҚЫТ ҚАЙДА БАРАСЫҢ?

- Бақыт қайда барасың?
- Ата-анасын сыйлаған,
Ұйымшылдық ойлаған,
Тату жанға барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Өсірген жақсы баласын,
Сыйлаған ата-анасын,
Көргенді ұлға барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Балбұл жанған көрікті,
Ұл мен қызы серікті,
Берекелі үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Еш адамды күндемес,
Өсек отын үрлемес,
Әдепті үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Ұлы, қызы есейген,
Ауыз бірлік күшейген,
Келінді үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Шариғат сөзін тыңдаған,
0 дүниені ойлаған,
Аллаһты үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Сыйлай білген молланы,
Діннің жолы қорғаны,
Бісмілләлі үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Үйінде тұрған Құраны,
Расул Аллаһ ұраны,
Тәртіпті үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі,
Ұйымшыл елге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Тарауық намаз оқыған,
Көңіліне аят тоқыған,
Ниетті елге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Сәресі, сахар ішетін,
Хақ жолына түсетін,
Сәресі ішуге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Балбыраған бесікте,
Қайыры бар есікте,
Балалы үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Келін мен қызы ибалы,
Ата-анасын сыйлайтын,
Сондай үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Туысымен татулы,
Жаман сөз жоқ шатулы
Ынтымақты үйге барамын.

- Бақыт қайда барасың?
- Соғысқа құмар ойы жоқ,
Ұлан асыр тойы көп,
Бейбіт елге барамын!

Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңыз
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста