Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Туған жері Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы.  Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 - 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылық міндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Жәлменде 1901 жылы қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің аралығындағы “Жаннәтіл бақия” деген құдықтың маңында қаза тапқан екен. Жәлменде туралы ел аузында сақталған аңыздар “Баласы Жәлменденің Пішән едім”, “Армысың, қайран атты кітапшаларда жинақталып берілген.
Жәлменде би үлкенге де, кішіге де, кедейге де, байға да әділ билігін айтып, қамқор болған адам. Талайдың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ел ағасы болған азамат. Бір жолы оған Бақтыбай ақын мұңын шағып барады.
– Мына кедейлік түбіме жетті, - дейді ол. Ғашық боп жүрген Мәйке қызды бай ағайындары маған қоспайтын болды. Бар сылтауы сол - қалың малын төлей алмайтын жалаң аяқ кедейге қыз бермеймін деп жолатпайды. Енді не амал қыламын, өзің қамкорлық етпесең болатын емес.
Бұл жайды ұққан Жәлменде би сонда Бақтыбайға:
Бақ қонбайды жасыкка,
Жан жуымас пасыққа,
Көңіліңді батыр жасытпа,
Жігіт адам жетеді. 
Шын тілеген ғашыққа,
Мен аяман Бактыбай.
Келгенін саған қолымнан,
Байқоржын Тарак жалғасып,
Құр тастамас жолдасын.
Мәйке кетпес еш жаққа,
Туғызып айды оңынан,
Бұрылар сенің жолыңа,
Құдай аруақ қолдасын, - деп оған жұбату айтады да, оны ертіп Мәйке қыздын ауылына, ағайындарына барады.
Бақтыбайдың шебер, дарынды ақындығына, оның адал да, адамгершілік қасиетіне көптеген дәлелдер айтып, екі жақты бітімгершілікке шақырады. Жәлмендедей ақылды, алғыр, аға би солай деп, араға түскен соң Мәйке қыздың бай, шонжар ағайындары амал жоқ көнеді. Екі ғашықты қосып, некесін қиып, ортадан отау тігіп береді.
Жәлменденің қысылған жерде кенеттен сөз тауып кететін алғырлық, тапкырлық қасиеті де болған. Атақты Құнанбай, Тобықты еліне, ал, Жәлменде Қапал уезінде аға сұлтан боп тұрған жылдары бір барымта даумен Қарқаралыға барыпты. Әр тараптан келген билер, сұлтандар кездесіп сәлемдесіп жатса, Құнанбай ауылының жас жігіттері тасыраңдап, үлкенді сыйламайтындай сынай көрсетіп олардың алдын кескестей беріпті.
Ауыл ақсақалдары да, Құнанбай өзі де оларға тоқтам сала қоймапты. Сонда Жәлменде сұлтан:
Біздің жақтың даласы құм болады,
Үлкен айтса бал асы жым болады.
Үлкен тілін алмайтын мына біреу,
Тасыраңдаған иттерің кім болады? - дегенде, Құнанбай көпке қарап қолын жоғары көтеріпті де:
Бұл Жәлменде қиқу сөздің қияғы ғой,
Ескелді мен Балпықтың тұяғы ғой.
Сендер танымай жатырсыңдар ма? Оның алдында байқап-байқап сөйлеңдер! - деп, Жәлмендеге өз қасынан орын беріпті.
Көсем, шешен сөзге дес бермеген Жәлменде биді ат үстінен ешбір жан аударып ала-алмайды екен. Көкпар додасында болсын, найзаласу сайысында болсын оған ешкім төтеп бере алмаған дейді қариялар. Ол ұзын бойлы, зор деңелі, екі иығына екі адам мінгендей алпауыт батыр, балуан кісі бопты. Жолға, сапарға шықса үнемі екі атпен (бірін мініп, екіншісін жетекке алып) жүреді екен. Бір аттың белі талғанда, ер тоқымды жетегіндегі тың атқа салатын болған. Өзі кедей адам жарамды ат іздейді. Көрші ауылда Жақанбай дейтін бай замандасына былай деп хат жазып бір жігітін жібереді.
Сәлем де Жақанбайға бір ат берсін,
Жеті жыл мінілмеген құр ат берсін.
Биіктігі, зорлығы мендей болсын,
Семіздігі Жақанбай өзіңдей болсын.
Жүрісі Жиенқожа ақынның сөзіндей болсын,
Берсе берсін, бермесе өзі білсін,
Өзімнің кара атыма қуат берсін...
Жәлменде би айтқан соң, сөз бар ма, Жақанбай құрдасы іздестіріп жүріп, өзінің қара атындай жуан, белді шоқтығы биік нардай күрең қасқа атты апарып өз қолымен табыс еткен екен.

Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңыз
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста