Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды. Бiздiң солтүстiк өңiрде Керей шежiресiн алғаш рет ұрпаққа мұра етiп қалдырушы Ашамайлы Керейдiң Көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Бұл үлкен шежiре содан қолдан-қолға өтiп жүрiп, ақыры Сегiз Серi Баһрам ұлына (Дәуленнiң жетiншi ұрпағы) келiп жеткен.
Сегiз Серi өзге өнерiмен қоса үлкен шежiрешi - жылнамашы да болған. Қазақ халқының шежiре-тарихын да мол жинаған. Шежiре туралы былай деп жазып кеткен: "Шежiре - ата айтысу үшiн емес, тарих үшiн, туыс адамдар бiр-бiрiмен қыз алысып қоймау үшiн, кiмнiң кiмге жақын екенiн бiлу үшiн де керек”, - деп жазған. Ол жинаған қазақ халқының шежiре жылнамасы Қазақ Ғылым Академиясы-ның Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының қазақ тарихы бәлiмiнде және қазақтың көне мәдени, тарихи ескерткiштердi қорғау қоғамының Орталық кеңсесiнде сақтаулы тұр (папка N853, бiрiншi тiзiм). Керей шежiресiн Сегiзден кейiн жалғастырған, жинастырған, хаттаған, архивке тапсырған Тәшмұхамед (Тәштит) Тәбейұлы Барлыбаев болған. Осы Керей шежiресi кейiнгi ұрпаққа осы Тәштит арқылы жеткен. Тәштит терiскей арқадағы үлкен шежiрешi адам болған (Қолжазбадан 125-126 бет).
Сондықтан да болар осы шежiреде Керейдiң Көшебе атасының шежiресiн толық жазған. Осы шежiреге қосар тағы бiр ойымыз - бұл шежiре бiрден-бiр сауатты шежiре болуы керек, өйткенi түпкi авторы Дәулен тархан Таузарұлы жетi ұлттың тiлiн бiлген дана адам болған, шежiренi жалғастырушылар: Толыбай - Қожаберген - Сегiз Серi - Тәбей және Тәштит Барлыбаевтар сауатты және өз кезiнiң озық адамдары. Ендi осы Керей шежiресi бойынша Қожаберген әулетiнiң аталарын таратайық. Керей - тайпалық одақтың арғы атасы. Ұраны - Ошыбай. Таңбасы - ашамай ((). Керей руының ата қонысы жайлы Қожаберген жырау өзiнiң "Ата тек” деген дастанында былай дейдi:

Атанған бабам Ғали - "Ашамайлы”
Өсiрген мыңдап тайлақ, құлын-тайды
Сiбiрге ұрпақтары қоныстанып
Ел болып ерте кезден қанат жайды.

Шалқар көл, ну орманды Сiбiр жерi
Сiбiрдi мекен еткен Керей елi
Егiн сап, күн көрудiң қамын ойлап.
Бас қосып кеңес құрған би мен бегi.

Ғали (Ашамайлы) шежiре бойынша IХ ғасыр өмiр сүрген адам. Керей руының мекен жерiне арнайы тоқтап жатқанымыз, кейбiр тарихшылар Керейлердi Сiбiр жерiне кейiн, қалмақтардан ығысып келген деген пiкiр айтып жүр: Керей руының мекендеген жерi жайлы Қожаберген жырау "Елiм-ай!”атты дастанында да:

Мекендеп Тобыл, Ертiс екi арасын
Қазақтың күйге бөлеп ен даласын
Сауықшыл Орта жүздiң Керейi едiк
Үш жүздiң жат көрмеген еш баласын, - деген.

Керейден бiр бала - Мәңлiқаған. Одан екi бала - Арыстанбек, Асланбек. Арыстанбектен бiр бала - Наурызхан. Одан екi бала - Ғали (Ашамайлы), Меркiт. Ғалидан - Бағдат батыр. Одан екi бала - Төбей, Көбей. Төбей биден екi бала - Бабай, Әзизбек. Әзизбектен бiр бала - Тұрсынхан сардар. Одан үш бала - Жарғақ, Балдақ, Қоянбай. Жарғақтан екi бала - Қажыхан, Қазихан. Қажыханнан бiр бала - Әлмұхамед. Одан үш бала - Уызбек, Уызхан, Уызбай. Уызбектен екi бала - Қанай, Жанай батырлар. Жанайдан бiр бала - Бағлан би. Бағлан би осы күнгi Солтүстiк өңiрдегi көп керейлердiң түп атасы болып есептеледi. Бағлан бидiң бейiтi Ресейдiң Қорған облысының Половинка (Ақсиыр) ауданына қарасты Звериноголовка (Бағлан) қалашығының түбiнде, Тобыл өзенiнiң жағасындағы Керей тоғайында жатыр. 1928 жылға дейiн ол жерде атақты Бағлан жәрменкесi болғаны тарихтан мәлiм. Бағлан би өз заманында қазақ халқының айтулы көсемдерiнiң бiрi болған.
Бағлан бидiң Бопай есiмдi әйелiнен Архад, Фархад, Сарымұрат туады. Фархад батырдың Гүләндам есiмдi әйелiнен үш бала - Танаш, Аббас, Манас туады. Танаш би Фархадұлы өзiнен жасы кiшi Өзбек ханға ақылшы болыпты. Сөйтiп ол өз заманында Алтын Орда хандығының көрнектi адамы - әдiлқазы би атаныпты. Танаш бидiң балалары: Балға, Балта, Едiге, батырлар әр кезеңде Мамай, Тоқтамыс хандардың әскер басы қолбасшысы болған. Кейiн олар Ақсақтемiрдiң әскерiн басқарыпты. Едiге батыр Әмiр-Темiр әскерiнiң тобын бастап жаумен соғысып жүргенде ауыр жараланды. Ол сарбаздарына өзiн Ұлытаудың ең биiк шыңына жерлеңдер деп өсиет етедi. Ақыры солай жерленедi.
Танаш бидiң Манас есiмдi iнiсi майданда қаза болады да оның келiншегi Сәлиман жесiр қалады. Ақылды бәйбiше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен қайнысының әйелi Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады. Танаш биден 15 бала туады, оның 18-сы - Балға, Балта, Едiге, Есен, Аман, Аспан, Ақпан, Сапу, Қаңтар, Орал, Одақ, Орман, Көшебе, Мамыр - Айша бәйбiшеден, бiреуi - Тарышы Сәлиманнан туады.
Танаш өзiнiң үлкен баласы Балғаға Сiбiр татарының бегi Ағайынбектiң қарындасы Ғалия сұлуды әпередi. Одан Әзiм есiмдi жалғыз ұл туады. Әзiм туғаннан кейiн көп ұзамай Танаш бидiң әйелi Айша ел жайлауға көшкенде көш үстiнде босанып ұл туады. Баланың атын көшiп келе жатқанда туды деп Көшебе қояды. Ел жайлауға көшiп барғанда Танаштың iнiсi Аббас батырдың әйелi Бәтиха да босанып ұл табады. Оның атын Жайлаубек қояды. Әзiм туғаннан кейiн екi шешесi де ұл тапты, арты құтты болды деп жеңгелерi Әзiмдi "сыйлы” бала деп, содан Әзiм "Сыйбала” атанып, келе-келе "Сыйбан” атанып кеткен. Керейдiң Сыйбан руы осыдан тараған. Танаш бидiң ортаншы баласы Балта батыр әртүрлi мұсылман халқынан 11 сұлу қызды атастырып алған екен. Солардан ол 47 ұл көрiптi. Осылардан тараған ел Балта Керей аталған.
Керей елiнiң қара шаңырағы Танаш бидiң бәйбiшесi Айшадан туған кейiнгi ұлдарының бiрi - Көшебе батырда қалған екен. Кейбiр шежiрешi - ғалымдар шежiре кiтаптарында XIV ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрген Көшебе батыр Танаш би ұлы мен сол Танаштың iнiсi Аббас батырдан тараған Кешубай батырды алмастырып алып жүр. Кешубай сардар жас кезiнде әскер бастап, Сiбiр татарларына көмектесiп, ел қорғап, жер-су үшiн орыстармен соғысып, Том өзенi мен Кемер арасында көшiп-қонып жүрiптi. XVII ғасырда өмiр сүрген Аббас керей Кешубай батырдың сүйегi туған ауылының маңындағы бейiтке, қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылы мен Суаткөл ауылдарының арасында бұрын болған қорымға жерленiптi. Кешубай қасиеттi зор кiсi болса керек: бұл жер болып кеткен Кешубай бейiтiнiң үстiнен жүргiзiлген грейдер жолда ылғи машина, мотоцикл аударылып, кiсi өлiмi болып тұрады. Бұны сол маңайдағы ауылдың адамдары жақсы бiледi. Кешубайды орыстармен қалмақтар "Кочубей” деп атаған екен. Оның ұрпақтарын 1723 жылы жазда жонғарқалмақ басқыншылары-ның қанды-қол әскерi зеңбiрекпен атқылап қырып тастапты. Көшебенiң он бiрiншi ұрпағы Қожаберген жырау былай дейдi:

Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе
Қай батыр тең келiптi Көшебеге,
Қазақтың кейiнгi жас батырлары
Жұрт ұстап, Көшебедей меңгере ме?

Шежiреге, тарихи деректерге, Қожаберген жыраудың "Ата тек”, "Баба тiл”, "Елiм-ай!” дастандарына сүйенсек, Көшебе атасынан тараған жұрттың ата мекенi Омбы, Ертiс өзендерiнiң бойында болған. Шежiре бойынша Көшебе батыр бiр соғыста ауыр жараланып, оны ауылға үлкен баласы Жауынгер мен сарбаздары найзаға салып алып келедi. Қазiргi Омбы қаласы орналасқан жерге жерленген. Қожаберген жырау "Елiм-ай!”дастанында:

Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге
Сын болды қол бастаған бiздей ерге
Шегiне соғыс салып ақырында
Тiрелдiк Танаш көл мен Абақ көлге.

Бекiнiп екi көлдiң арасына
Шатырды тiгiп судың жағасына
Отырдық Көшебе орман қойнауында
Жауынгер дәрi жағып жарасына.

Тоқтаттық Есiлкөлде қалың жауды
Үздiксiз шабуылдап есе бермей..., - деген.

Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңыз
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста