Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

Базар жырау (1841-1911). Қай заманда болмасын, қазақ даласы еліне елеулі, халқына қалаулы беделді адамдарға кенже болмаған. Олар ел ішінде береке-бірліктің, ырыс-ынтымақтың ұйытқысы бола білген. Солардың біреуі XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде Базар жырау Оңдасұлының (Өтемісов) қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған тұлға. Ол өзінің жүрек тебіренткен толғауларымен Сыр бойынан бастап Еділ, Жайық, Үстірт, Қарақалпақ өңіріне жақсы танымалы.
Сыр бойында жасаған Дүр Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Ешнияз, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет сияқты ақын-жыраулар Базарды ұстаз тұтқан. «Жүзден озған өрен жүйрек, жыраулардың жүйрігі» деп бағалаған. Мұның өзі жазира Жетісу ақындарының ұлы Жамбылды, көгілдір Көкше өнерпаздарының сал Біржанды мектеп тұтуы секілді құбылыс. Шынында да Балқы Базардың өз төңірегіндегі басқа барша сүлейлерге сырсандық, шеберхана болғаны анық.
Белгілі Құлназар ақын ...Таласып онан ешкім аса алмайды,
Тең келмес бүгінгі адам Базекеңе,
Болмаса Жиренше мен Асан Қайғы, - десе, Тұрмағамбет ..
Балқы Базар білгенге,
Атақты, әйдік астана.
Жұмыла жанды жиып ап,
Жырласа бітпес күн-түні, - деп жыраулардың жырлауын өлең сөздің сарқылмас қорына балайды. Ақ жаңбырдай ақтарылған ақпа жыраудың телегей-теңіздей бұрқанған талантына өз замандастары да, кейінгі ақын-жыраулар да бас иген. Базардың асқақ дарынды айтулы ақын екенін байқаған Сәкен Сейфуллин «Бұқар жыраудан кейінгі қазақтың ірі жырауы - Базар жырау», - деп жоғары бағалаған. Базар шығармалары Кеңес дәуірінде ғана жинала бастады. Ақын мұраларына алғаш назар аударып, баға берушілер - Ә. Диваев, С. Сейфуллин мен Ә. Марғұлан болды.
1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағында және 1931 жылы Сәкен Сейфуллин құрастырған «Ескі әдебиет нұсқаларында» Базардың бір топ өлеңдері тұңғыш рет жарық көрді. 1965 жылы «Үш ғасыр жырлайды» жинағында жыраудың сегіз жүз жолдай термелері мен толғаулары жарияланды. Ал, кейінгі жылдары орыс тілінде басылған «Поэты Казахстана» (Ленинград, 1978) антологиясында Базар көрнекті ақындар қатарында аталса, 1984 жылы шыққан «Бес ғасыр жырлайды» кітабына бір топ шығармалары енгізілді.
Базар Оңдасұлы бұрынғы Сырдария губерниясы, Қазалы уезі, Көшербай болысының 6-ауылында Жаңадарияның Шірік—Рабат деген жерінде (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауыл советі) 1841 жылы күз айында дүниеге келген. Базардың жастық шағы жетімдікте, жоқшылықта өтеді. Буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, байлардың қозысын бағады. Он алты жасында жыраулық даңқы шығып, жалпы жұртқа таныла бастады.
Ақынның туған жері - Сыр бойы десек те, кейінгі ат жалын тартып мініп, атағы жайылған мекені - қазіргі Өзбек жерінде қалып қойған Навой облысы, Тамдыбұлақ ауданы болған. Бейіті сондағы Жалпақтау деген жерде. Базардың ескіше ата-тегі: Кіші жүздің Шөмекей тайпасы, Балқы руы. Шөмекей төртке бөлінеді: Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл. Бозғылдың бес баласының біреуі—Қайқы. Қайқының Балқия деген әйелінен үш ұл: Қыдыр, Темір, Полат туады. Осы үшеуінен тараған ұрпақтарының бәрі Балқия шешелерінің атымен Балқы аталып, Шөмекейдің Балқы руы қалыптасады. Жоғарыдағы Қайқының үш ұлының біреуі Полаттан - Жауқашты, Жауқаштыдан - Отарбай, Отарбайдан - Байсейіт, Байсеіттен - Қарақұл, Қарақұлдан - Ермек, Ермектен - Базардың әкесі Оңдас туады.
1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» жинағында, басқа да кейбір басылымдарда Базар жыраудың әкесі Өтеміс, нағашысы Оңдас деп жаңсақ кеткен. Базар он жасқа жетпестен жетім қалып, нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Әкесінің Өтеміс болып кетуі содан. Ақын болып халыққа танылған соң, өз руының атымен Балқы Базар аталып кеткен. Оны ақынның өзі былай түсіндіреді:
...Сөйле, тілім, жалпыдан, дариядай тасып шалқыған.
Тіл жексұрын көрінер, тимеске тиіп шарпыған...
Елі-жұртың бұзылар, қиянат етсең зарпынан.
Таусылмас қайнар кен едім, кешегі жүйрік мен едім.
Жүлде алған байрақ алдынан, Кіші жүздің кенжесі.
«Дөйт» ұранды Шөмекей - шыққан бір Базар Балқыдан.
Бүкіл өмірі - өлеңге, өлеңі - өмірге айналған жырау жарық дүниеге жыр болып келгендей. Ол туралы ақиқатқа қоса аңыз да көп. Соның бірі төменгідей: Базар жастай жетім қалып, Тәспен деген байдың қозысын бағып жүреді. Шөмекейдің Аспан руында Айпара атты ақын қыз болады. Бір күні сол ақын қыз қасына жеңгесін ертіп, он шақты түйемен су әкелуге «қаққа» барады. Оған ғашық жігіттер аз болмайды. Өзі сұлу, өзі өнерлі қызға кім қызықпасын? Алайда олар Айпараның ақындығынан, от ауыз, орақ тілді шешендігінен сескеніп, маңайлай алмайды екен. Қыздың үнемі соңынан еріп, үнемі дәмелі болып жүрген жігіттер бұл жолы да жақындауға тәуекел етпейді. Он шақты түйеге жүк болар суды ыдыстарға құйып толтыру, арту жас қызбен жеңгесіне оңай соқсын ба? Екеуі де әбден шаршайды. Суды түйеге артыспаған жасық жігіттерге ыза болып тұрған Айпараның қасына сол маңда қозы бағып жүрген жасөспірім бала Базар келеді.
«Апа, шелегіңді артысайын ба?» - депті. Содан соң, жасын да сұрап білгісі келген сияқты. Оған ашуланған Айпара былай дейді:
«Бастаған жұғысың ба сөздің басын,
Бұл жерде саған мені кез қылғасын.
Айтыпты бұрынғылар деген қайда,
Сұрама аттың тісін, ердің жасын.
Одан да емін неге сұрамайсың,
Күте алмай бір басыңды таз қылғансың...»
Мезгілінде ас ішіп, ұйықтамайтын, жылы алақан көрмейтін жетім балада қайбір күй болсын? Расында да Базардың басы таз болса керек.
Мірдің оғындай сөз сүйегінен өткен Базар жауап сөз қайыра алмағанына намыстанып, ызаланып жылап жіберіпті...Осы бір оқиға Базардың есінде мәңгі қалады. Өйткені ол осы жолы бұрынғыдан да қатты ширығады. Сөзден есесі кеткенге күйінеді. Ақындықты, шешендікті арман етеді. Шамасы, бұл болашақ ақиық ақынның тұңғыш рет жер тарпуы, қанат сілкуі болса керек.
Жастай жетім қалған Базар оқып, білім алған емес. Табиғатынан дарынды зерек бала бұрынғы ақын-жыраулардың жырларын, халық мақал-мәтелдерін есіне сақтап, көңіліне түйіп, халықтың бай ауыз әдебиетінен сусындап өскен. Өзінен бұрынғы және тұстас ақындардан да тәлім алған. Базар өз заманындағы әлеуметтік мәселелерді тани білген дәуір қайшылықтарының бетін ашып, келелі ой қозғаған. Әрине, әлеуметтік мәселерді танып-білу барлық жырауларға тән қасиет. Олар қай жерде де тыңдаушыларын таң қалдырып, ерлікті, елдікті дәріптеген. Керек жерінде кімнің де болса бет-жүзіне қарамай, айтарын бүкпей, батыл айтып, адам бойындағы жасық қасиеттерді өлтіре сынап, тілімен турап тастайтын болған.
Базардың әлеуметтік мәселерді көтерген «Әр кемелге - бір залал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «алғыр қыран, қамал
бұзар батыр, жел жетпес жүйрік, күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Мәңгі еш нәрсе жоқ. «Аранға түскен аюдай күйі қатты жараған, қаңтардағы бурадай, азу тісін қайраған» хандар да, «Аузына көпті қаратқан, алдынан топты таратқан» күміс көмей, тілінен бал тамған шешендер де дүниеден озады. Оларға бақ, дүние ара тұра алмайды. Жыраудың байымдауынша тіршілікте көрген қызығың мен қуанышың өткенші жаңбырдай қысқа, бұлдыр сағымдай тұрақсыз, сондықтан адам ойындағы барлық асылын, бойындағы қуатын жақсылыққа жұмсауға тиіс. Өмірді босқа өткізіп, қапы қалмау үшін әрбір кісі ақыл-парасаты мен күш-қайратын пайдалы іске жұмсап, нағыз азаматтарша мәнді өмір сүруге міндетті.
Жырау пәни, болмыс жайлы толғана келіп, адамгершілік моральді уағыздайды, өмірде тату-тәтті тұрмыс құрып, адал кәсіппен айналысып, бірлесіп, тірлік етуге шақырады. Ар-ұятын сатып, дүние-атақ үшін азбаған адал тұлғалар мен көпке қамқор, халыққа еңбегі сіңген ерлер есімі ғана ел есінде сақталып, мәңгі жасайды деген қорытынды шығарады.
Базар сарай ақынына да, кітаби ақынға да ұқсамайды. Ол хат танымаса да естігенін есте сақтаған, білгені мен түйгені өте көп, топжарған талант иесі. Дәстүрлі қазақ жырының бесігінде тербетіліп, тағлым түйеді, өнегелі өсиет айтады. Өмір мен көңіл құбылыстарын шендестіре отырып, пайымды тұжырымдар жасайды. Орамды ойларын көркем кестелейді:
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған!
Алаштың адамының бәрі мәлім—
Кім қалды таразыға тартылмаған.
Тақылдап, пысықсынып сөйлейтін көп
Екпіндеп ұшқыр аттай қарқындаған.
Базарды әуелі жырау дедік. Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау. Толғаулардың кейінгілер үлгі аларлықтай терең мағыналы нақыл, өсиеттерге бай болып, ұйқасы, белгілі ырғағы, әуені болуы керек. Базар шығармалары жоғарыдағы шарттарға толық сай келеді. Жырау толғаулары негізінен ойға, сезімге құралған. Пікірі тұтас, айтары мол, ойы терең, жүйелі болып өріледі. Базардың қай өлең-толғауларын алмайық, бәрінен ақын өмір сүрген кезеңнің тыныс-лебі еседі. Сол кездегі қоғамдық ортаның түсінік-танымы, мінез-құлқы суреткерлік шеберлікпен ашылады. Өмір мен заман жайлы терең ой қозғаған ақын шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ол елдің жай-күйін, адам басындағы мұң-зарын, халықтың өткені мен болашағын шебер жырлаған. Базар өмірі сән-салтанатты өмір емес. Тар жол, тайғақ кешулі ғұмыр. Қуғын көріп, қасірет шегеді, түрмеге де қамалады. Қаншама қарсылық дүлей күшке кездессе де, қайсар ақын тілін тартпайды. Базардың көзінің тірісінде де ел-жұрт оны жоғары бағалаған. Базарды білген ел, көрген кісілердің айтуынша, ол ерекше кескінді, батыр тұлғалы адам болғанға ұқсайды. Домбырасымен қоса қару асынып жүрген. Өмірінде қанша қуғын-сүргін көрсе де, табиғаты ақын кісі ешкімге қару жұмсамаған.
Базар жыраудың Пірлібек, Нұрлыбек, Әмзебек, Нақыпбек деген төрт ұлы, Балзада, Күлзада деген қызы болған. Жыраудың өнер қонған балалары Әмзебек пен Балзадасы екен. Олар өнерімен халыққа танылмай тұрып, жастай өліп кетеді. Әмзебек әкесі Базардан үш жыл бұрын, яғни 1908 жылы қайтыс болады. 1911 жылы 12 қазан күні жыр дүлдүлі Балқы Базар Тамдыбұлақ ауданына қарасты Жалпақтау деген жерде қайтыс болады. Қабірі басына кейінгі жылдары ескеркіш құлпытас қойылған. Жалпақтаудағы мектепке, Ақтақырдағы кітапханаға, Тамдыбұлақтың бір көшесіне Базар есімі берілген.
1991 жылы 27-29 мамыр аралығында Тамдыбұлақ ауданында Базар жыраудың туғанына 150 жылдық мерейтойы болып өтті. Ол кезде 14 жасар баламын, әлі атты шулы Кеңес Одағы тарамаған еді, Орталық Азияның түкпір-түкпірінен қонақтар келді, ақындар айтысы, көкпар, қыз қуу, қырық екі шақырымға аламан бәйге болып өтті, үш күн бойы тамашалап мәз болғанымыз бар.
Жыраудың ұрпақтары Өзбекстан Республикасы Навоий облысы Тамдыбұлақ пен Кенимех аудандарында тұратын. 2005 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласына қоныс аударды. Алматы мен Астана қаласында кім көрінгенге көше бере бергенше, жыр дүлдүлі Базар жырауға бір көшенің атын берсе артықтық етпес, билік басындағы шенеуніктердің құлағына алтын сырға. Әрине Базардың мұрасы осымен түгелденді деп айта алмаймын. Ел арасында маржандай шашырап жүрген жырларын тірнектеп жинап, зерттеп талдау келер күннің еншісінде.

Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста